РКС: Бурабайда жанашырлық пен қоршаған ортаға жауапкершілікті дәріптейтін «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясының 2-ші кезеңі өтті. Су ресурстары және ирригация министрлігінің бастамасымен, «Таза Қазақстан» жалпы ұлттық бағдарламасы аясында ұйымдастырылған шарада республиканың 12 өңірінде 58 бұлақ пен 33 су нысаны тазартылып, олардың айналасы абаттандырылады. Бұл бастама табиғаттың тынысын жаңғыртып қана қоймай, туған жердің әрбір бұлағы мен өзен-көлін көздің қарашығындай қорғауға үндейді.
ИНТЕРШУМ:
РКС: «Мөлдір бұлақ» республикалық экологиялық акциясы аясында Ақмола облысында Есіл, Зеренді, Сандықтау және Бурабай аудандарындағы 8 бұлақтың маңын тазарту жоспарланған. Бұл жұмыстарға өңір бойынша экологиялық бастамаға 550-ден астам адам қатысады. Олардың қатарында табиғатты аялау дәстүрін кейінгі ұрпаққа дәріптеп жүрген бірнеше ақсақал мен ерікті бар.
СНХ: МӘДИ БАЛАГАЕВ, ВОЛОНТЕР: Біздің негізгі мақсатымыз бұл бұлақтың көзін ашу. Табиғатты аялау. Біз 1 күнмен ғана өмір сүрмей , болашақты ойлап жатырмыз. Сол үшін табиғатты бәрін жинап жатырмыз.
СНХ: ЕСЕНБАЙ ХАМЗИН, БУРАБАЙ АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Бұлақтың суы сондай таза. Адам денсаулығына нәр беретін, күш беретін. Бұлақтың суларының барлық минералдары сақталған.
РКС: Облыста су ресурстарын сақтау және тиімді пайдалану бағытындағы бір қатар жұмыстар атқарылуда. Мәселен су тасқыны қаупін азайтуға арналған жобалар жүзеге асырылып, өзен арналарын тазалау, тереңдету жұмыстары жүргізіліп, гидротехникалық нысандардың жағдайы тұрақты бақылауда.
СНХ: ӘЙГЕРІМ МАҒЖАНОВА, «ҚАЗСУШАР» АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бүгінде Ақмола филиалы Шағалалы су қоймасы арқылы және Көкшетау 4-тік су құбыры арқылы таза ауыз су беруде. Көкшетау қаласына және Бурабай өңіріне. Бүгінгі таңда Көкшетау су құбырында үлкен қайта құру жұмыстары басталуда.
РКС: «Таза Қазақстан» жалпыұлттық акциясы аясында Ақмола өңірінде ауқымды тазалық және абаттандыру жұмыстары атқарылды. Нәтижесінде 30 мыңнан аса аула, 700-ге жуық саябақ пен 600-ге тарта тарихи-мәдени ескерткіш аумағы тазартылды. Экологиялық бастама барысында 23 мың тоннаға жуық қоқыс шығарылып, өңір көркін арттыру мақсатында 33 мыңнан астам жасыл желек отырғызылды. Табиғатты қорғауға бағытталған бұл жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын тауып, жаңа жобалармен толыға түспек.
СНХ: ЕЛДОС РАМАЗАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ БІРІНШІ ОРЫНБАСАРЫ: Өңірде қоқысты сұрыптау және қайта өңдеуге бағытталған «Эко адам» жобасы жүзеге асырылуда. Жоба Көкшетау қаласы, Зеренді және Бурабай аудандарын қамтиды. Бұл экологиялық мәдениетті қалыптастыру жолындағы алғашқы қадамдардың бірі. Алдағы уақытта бұл бастаманы жалғастырып, ауқымын кеңейту жоспарланып отыр.Сонымен қатар биыл мемлекеттік орман қоры аумағында 3 мың гектар жерге 20 миллионнан астам көшет отырғызу көзделуде.
РКС: Аймақта 7 ірі өзен мен 140-тан аса көл бар. Оның 94-і тұщы көл болса, қалғаны емдік қасиетімен танылған тұзды көлдер. Алайда табиғаттың ең мөлдір сыйы-бұлақ. Бурабай ауданында орналасқан №1 бұлақ маңында өткен шара барасында бұлақтың атауы «Таза бұлақ» деген атау берілді. Табиғатты аялап қана қоймай, болашаққа сенім ұялататын бұл игі шаралар өз жалғасын таппақ.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ