ДИКТОР: Бүгін Көкшетау қаласында патрульдік полиция батальонының қызметкерлері самокаттар мен мопедтердің қатысуымен туындайтын жол-көлік оқиғаларының салдары туралы тұрғындар арасында түсінік жұмыстарын жүргізді. Жаз маусымында бұл өзекті мәселе.
РКС: Электросамокаттар қаланың бір нүктесінен екіншісіне жылдам жеткізетін көлік құралы. Алайда оның жайлылығымен қоса, жаяу жүргіншілерге әкелер қаупі де жоғары. Самокаттарды тізгіндегендер жол қозғалысына қатысушы саналады және олардан жол ережелерін қатаң сақтау талап етіледі.
СНХ: АЛЕКСАНДР ЕФИМОВ, ПАТРУЛЬДІК ПОЛИЦИЯ БАТАЛЬОНЫНЫҢ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Күн жылына сала, тұрғындардың басым көпшілігі велосипедтерге, электромопедтер мен электросамокаттарға мініп жүреді. Аталған көлік құралдарына жол ережелеріне қатысты талаптар қойылады. Өйткені әр көлік құралын дұрыс басқара алмағандардың адамдарды қағып кету қаупі жоғары.
РКС: Тұрғындар самокаттарды қала өмірінің бөлінбес бөлшегіне айналғанын мойындайды. Өйткені оларды күнделікті қолданатындар көп. Дегенмен көпшілігі жол қауіпсіздігі жүргізушінің өзіне байланысты дейді.
БЛИЦ: Мен самокаттарды жиі болмаса да, ара-тұра пайдаланамын. Велосипедім де бар. Бірақ бір жерге тезірек жету қажет болғанда, самокатты пайдаланамын. Жол ережесін бұзбауға тырысамын.
РКС: Бірқатар тұрғындар жол ережесін бұзғандардың айыппұл арқалағандарын алға тартты. Осыдан кейін жол қауіпсіздігі ережелеріне қатысты талаптар да өзгереді.
БЛИЦ: Өткен жылы мен жаяу жүргінші жолынан самокаттан түспей өткен едім. Алты мың теңге айыппұл төледім. Содан кейін жүргізуші куәлігін рәсімдедім. Осы жағдайдан кейін ондай қателікке жол бермеуге тырысамын. Жаяу жүргінші жолын талапқа сай өтіп жүрмін.
РКС: Жаяу жүргінші талаптарын сақтайтындар да бар. Олар жол қозғалысына қатысушылардың өзара сыйластығы қаланың қауіпсіздігін қамтамасыз етеді дейді.
БЛИЦ: Күн сайын мен қалада жаяу жүремін. Алайда электросамокаттардың адамдарды қағып немесе жол қозғалысына кедергі келтіргенін байқамаппын. Полицейлер бәрін бақылауда ұстайды деген сенімдемін.
РКС: Электросамокат қозғалыс үшін өте қолайлы деп санайтындар қатары да көп. Дегенмен жайлылық ыңғайсыздық тудырмауы тиіс.
БЛИЦ: Электросамокаттарды жиі қолданамын, бірақ жол ережесін де сақтаймын. Дегенмен қауіпті жағдай орын алған жоқ. Маған бәрі ұнайды.
РКС: Полицейлер жол ережелерін кез келген адам сақтауға міндетті дейді. Қас-қағым сәттің салдары аса ауыр және денсаулыққа қауіпті болуы мүмкін. Сондықтан «Сақтықта қорлық жоқ» екенін естен шығармаған жөн.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.