ДИКТОР: Көкшетауда тұрғындарға тегін құқықтық кеңес беру мақсатында «Ашық есік күні» акциясы өтті. Шара барысында облыстық Әділет департаментінің мамандары, полиция басқармасының қызметкерлері, заңгерлер мен жеке сот орындаушысы тұрғындардың сұрақтарына жауап беріп, құқықтық кеңестер берді. Акция «Заң және тәртіп» қағидаты аясында ұйымдастырылды. 

РКС: Акция барысында қала тұрғындары өздерін толғандырған сұрақтарына жауап алды. Ұйымдастырушылар халықтың құқықтық сауаттылығын арттыруға, сондай-ақ азаматтардың мемлекеттік органдарға деген сенімін нығайтуға ерекше назар аударды.

СНХ: ЗАРИНА ГАФУРОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ЖЕКЕ СОТ ОРЫНДАУШЫСЫ: Бізде мұндай шаралар ай сайын өткізіліп тұрады. Бұл кезде азаматтарға заң көмегі толығымен тегін көрсетіледі. Менің қызмет бағытыма қатысты айтатын болсам, тұрғындар көбіне алимент өндіру, есепшоттардың бұғатталуы, салық берешегін және әкімшілік айыппұлдарды өтеу мәселелері бойынша жүгінеді.

РКС: Кеңес алу үшін жастар да, аға буын өкілдері де жүгінді. Көкшетау тұрғындарына «Adilet.Gov.KZ» порталы арқылы чат-бот көмегімен онлайн түрде заң көмегін алу мүмкіндігі және басқа да қызмет түрлері туралы ақпарат берілді.

СНХ: НҰРҚАЖЫ ЖҮСІП, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ КРИМИНАЛДЫҚ ПОЛИЦИЯ БӨЛІМІНІҢ АҒА ЛЕЙТЕНАНТЫ: Қазіргі таңда интернет-алаяқтық қоғамда өте белсенді болып тұр. Сол үшін адамдарға интернет-алаяқтарынан қалай қорғану керек, қалай сақ болу керек, соның барлығын ашық түрде айтамыз. Қазір алаяқтарға өте көп алданатындар жас балалар мен үлкен, қарт кісілер. Ең көп алданатындар солар. Оларға банк, орган қызметкерлері болып хабарласады.

РКС:Мұндай акциялар тұрақты түрде өткізіліп тұрады және тұрғындарға қосымша шығынсыз білікті көмек алуға мүмкіндік береді.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.