ДИКТОР: Шаһарда жыл сайын дәстүрлі түрде өтетін «Жас құтқарушы-2026» республикалық спартакиадасы жалғасуда. Биыл елдің барлық өңірінен келген 19 команда өзара бақ сынап, төтенше жағдайлар кезінде әрекет ету машықтары мен кәсіби дайындықтарын көрсетуде. Жарыстың барысымен тілшіміз Евгений Варанкин танысып қайтты.
РКС: Жарыс бағдарламасы бірнеше кезеңнен тұрады. Қатысушылар өрт кезінде әрекет ету, алғашқы медициналық көмек көрсету, арқанмен жұмыс істеу, кедергілер жолағынан өту және командалық эстафета бойынша сынға түседі. Сонымен қатар саптық даярлық пен туристік сайыстарда да өзара мықтыны анықтайды. Бүгін қатысушылар адамды судан құтқару кезеңінде бақ сынап жатыр.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ӘДІЛЕТ СЕРІК, ЖАРЫСТЫҢ ТӨРЕШІСІ: Жарыстың негізгі мақсаты жас ұрпақта қауіпсіз мәдениетті қалыптастыру, командалық жұмысты ұйымдастыру, сонымен қатар өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығын дамыту болып табылады. Бүгінгі таңда жарысқа еліміздің әр облысынан келген жас құтқарушылар өздерінің намыстарын қолдан бермей, шеберліктерін арттырып жатыр.
РКС: Ұйымдастырушылардың сөзінше, спартакиада жасөспірімдердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып қана қоймай, олардың шапшаңдық, төзімділік және бірлесе әрекет ету қабілетін шыңдауға бағытталған. Айта кетейік, биылғы жарысқа 150-ден астам жас құтқарушы қатысып жатыр.
СНХ: НҰРҚАЗЫ ҚАЗАҚБАЙ, «СЫР ҚЫРАНДАРЫ» КОМАНДАСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: (ҚЫЗЫЛОРДА): Ұйымдастырушыларға рахмет. Осы сайысымыз өте жоғары деңгейде өтіп жатыр. Көкшенің өзіндік ерекше табиғаты бізге әсер етіп жатыр. Өйткені Қызылордадан келген адам үшін бұл жердің табиғаты өте ерекше. Алдыңғы 4 сайыс өтілді. Қорытындысы бойынша Қызылорда облысының командасы жоғары деңгейде келе жатыр. Оқушылар сайысы болғасын, оңай шаруа емес, оңай жұмыс емес. Өзіміздің облыстық деңгейде жақсы дайындалдық. Оқушыларымыз жақсы нәтиже көрсетті.
РКС: Қызылорда облысының намысын қорғаған команда алғашқы кезеңдердің қорытындысы бойынша үздіктер қатарынан көрінуде. Команда жетекшісінің сөзінше, оқушылар жарысқа өңірлік іріктеу кезеңінен кейін тыңғылықты дайындалған.
СНХ: АЛДИЯР ЖҰМАХАН, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (ҚЫЗЫЛОРДА): Жарыс өте жақсы өтуде. Бірінші күннен бастап алдыңғы қатарда. Көкшетау қаласына жарыс бабымен келіп отырмыз.
СНХ: ӘНЕЛ МОЛДАБЕК, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (ҚЫЗЫЛОРДА): Бұл сайысқа алғаш рет келіп тұрмыз. Сол үшін 19 команда ішінен осылай алға шығу біз үшін өте үлкен жетістіктердің бірі болып тұр. Алдағы уақытта осы сайыста жеңіп, ауылымызға жақсы абыроймен қайтамыз деп тілектеспіз. Қарсыластарымыз өте мықты. Жақсы дайындалып келген. Дайындығымызды осы жерде ақтап көрсетеміз деген ойдамын.
РКС: Маусымның 30-да басталған республикалық спартакиада шілденің 3-іне дейін жалғасады. Барлық кезеңнің нәтижесі бойынша үздік атанған командалар мен жеке қатысушылар марапатталып, «Жас құтқарушы-2026» республикалық спартакиадасының жеңімпаздары анықталады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ