ДИКТОР: Қазақстанның жаңа Конституциясы күшіне енді. Жаңарған Ата Заң мемлекетіміздің жаңа белестерді бағындырып, құқықтық механизмдерді бекітіп, азаматтардың жаңа мүмкіндіктеріне кепілдік береді. Конституциядағы реформалар жайлы ақмолалықтардың пікірі қандай? Тілші баяндасын.
РКС: Жаңа Конституция мемлекетіміздің даму сатысының жаңа мазмұнын айқындайтын құжат. Тұрғындар Ата заң тек бүгінгінің ғана емес, Қазақстанның стратегиялық дамуының жаңа бағыты деген пікірде. Басты құжат Ұлы даланың мыңжылдық тарихының сабақтастығын сақтаудың басымдығын алғаш рет белгілеген кіріспеден басталады.
СНХ: ДІНМҰХАМЕД КЕНЖЕБЕК, А. МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ АҒА ОҚЫТУШЫСЫ: Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының 40-шы бабында Қазақстан Республикасында тарихи және мәдени құндылықтарды әрбір азаматтың қастерлеу керек ендігі айтылған. Бұл тарихи мұраның немесе тарихи жәдігерлерге жаңаша көзқарастың қалыптасатындығын көрсетеді. Яғни, осы уақытқа дейін тарихи жәдігерлерді сақталуы бір қалыпта жүріп жататын болса, енді бұл заңнамалық күшіне енген негізгі бір құндылықтардың бірі ретінде қарастырылуға болатынын айтамыз.
РКС: Жаңа Коснтитуцияға сәйкес, Қазақстан Республикасы адами капиталды, білім беруді, ғылымды және инновацияны дамытуды мемлекеттің стартегиялық басымдығы деп таниды. Яғни, азаматтардың білім алуына толық кепілдік беріледі. Сонымен қатар мемлекет жалпыға білім беру стандарттарын белгілеу жауапкершілігін өз мойнына алады.
СНХ: ЮЛИЯ ЧЕРНЕНКО, ПЕДАГОГИКА ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ МАГИСТРІ: Жаңа Конституцияның күшіне енуі конституционализм бағытындағы дамудың жаңа кезеңінің басталуын білдіреді, жеке адам, оның құқықтары мен бостандықтарын бірінші кезекке қояды. Құжат алдыңғы нұсқалардан ерекшеленеді және демократиялық үдерістерді дамытуға бағытталған институционалдық өзгерістерді қамтиды. Білім, цифрландыру және инновацияға ерекше назар аударылады. Тұтастай алғанда, Конституция қоғам мен оның азаматтарының дамуы үшін жаңа мүмкіндіктер ашады.
РКС: Жаңа Конституция құқықтық салада да өзгерістерге жол ашады. Конституциялық Соттың мәртебесі өзгеріп, ол барлығына ашық болады. Демек, қарапайым азамат өзінің құқықтарының бұзылғанын ашық айта алады. Оның бұл талабы ашық қаралуы тиіс.
СНХ: МАРАТ ЖОЛЫМБАЕВ, ЗАҢ ҒЫЛЫМДАРЫНЫҢ КАНДИДАТЫ: Жаңа Конституция азаматтардың, әсіресе білім беру және әлеуметтік қорғау салаларындағы құқықтық кепілдіктерін нығайтатын негізгі мемлекеттік құжат болып табылады. Жастар үшін ол білім алу және өзін-өзі тану үшін қосымша мүмкіндіктер ұсынады. Дегенмен, осы құқықтармен қатар, Негізгі Заңда бекітілген міндеттерді де есте ұстаған жөн. Сарапшылар жаңартылған Конституция азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейтуге және елдің тұтастай дамуына ықпал етуге жағдай жасайтынын атап өтті.
РКС: Сарапшылар жаңа Конституция мемлекетіміздің дамудағы даңғыл жолын айқындап, құқықтық жүйені нығайтып, азаматтардың мүмкіндіктерін кеңейтеді дейді. Реформадағы басты екпін Адам, оның құқықтары мен еліміздің болашақтағы дамуына салынып отыр.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ