ДИКТОР: Облыстық көпсалалы ауруханасында жыл сайын 1500-ге жуық адамның көз жанарына операция жасалады. Катаракта Ақмола облысының тұрғындары үшін диагнозы аса бір үрей туғыза қоймайды. Заманауи офтальмология адамның көру қабілетін бірнеше минут ішінде қалпына келтіре алады. Аталған саланың қиындықтары мен артықшылықтары туралы тілші баяндасын. 

РКС: Бірнеше жыл бұрын катарактаның салдарынан көру қабілетінен айырылу кез келген адам үшін ауыр сынақ еді. Уақыт өте келе заманауи технологиялар мен дәрігерлердің кәсібилігінің арқасында бұл мәселені сәтті шешудің жолы табылды. Қазір 15 минуттың ішінде адамның көз жанарын қалыпқа келтіруге болады. Щучинск қаласының тұрғыны Юрий Данчев осыдан бірнеше ай бұрын оң жақ көзіне операция жасатқан еді. Жуырда ол сол көзіне дәл осындай процедура жасатуға келді. Дәрігердің 10 минуттық зергерлік жұмысы пациенттің көз жанарын қалпына келтіріпті.  

СНХ: ЮРИЙ ДАНЧЕВ, ПАЦИЕНТ: Операция өте сәтті өтті. Мамандар білікті. Мұнда бірнеше мәрте келдім. Бәрінің жүзінен мейірім төгіліп тұрады. Дәрігерлер де, кіші қызметшілер де бәрі жақсы қарайды. Алғысым шексіз. 

РКС: Мұндай процедуралар бүгінде жақсы дамығанымен, дәрігерлер бұл саладағы ең күрделі операцияның бірі екенін айтады. Қателік жіберуге болмайды. Көз - нәзік және сезімтал орган. Сондықтан хирургтің әр қозғалысы өте дәл болуы тиіс. Тіпті болмашы салғырттық пациентті көру қабілетінен айыруы мүмкін.

СНХ: БЕРІК НҰРҚАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПСАЛАЛЫ АУРУХАНАСЫ ОФТАЛЬМОЛОГИЯ БӨЛІМШЕСІНІҢ МЕҢГЕРУШІСІ: В офтальмохирургии говорят, как у сапёров - второго шанса практически нет. Если ты не справился за один раз, то потом что-либо исправить теоретически можно, но уже того, прежнего зрения не будет. То есть катаракту нужно делать один раз и делать её хорошо. Чтобы не было причин что-то переделывать и куда-то пациента отправлять. 

Офтальмологиялық хирургияда сапердің қызметіне теңейді. Екінші мүмкіндік жоқ. Егер сіз бірінші рет ол жұмысты атқара алмасаңыз, кейін теориялық тұрғыда әлденені түзетуге болатын шығар, бірақ, бастапқы көз жанарындай болмайды. Яңни катаракта операциясын бір-ақ рет әрі оны тиянақты етіп жасау қажет. 

РКС: Медицина мамандары жүйелі профилактикалық тексеруден өтудің маңызды екенін айтады. Өйткені, уақытылы медициналық көмекке жүгіну көру қабілетін сақтап қалуға және ауыр асқынулардың алдын алуға ықпал етеді. 

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ