ДИКТОР. Өңірде ішек аурулары көбейген, ал қызылшаға шалдыққандар саны күрт өсті. Басқа ішек аурулары бойынша жағдай бір қалыпты. Бұл вакцинадан бас тартудың салдары дейді дәрігерлер. Тілші баяндайды. 

РКС: Қызылша ауруы бойынша облыстағы жағдайды жергілікті эпидемиологтар бақылауға алды. Жыл басынан бері өңірде 180 адамның осы ауруға шалдыққаны зертханалық жолмен дәлелденген. Санитарлық-эпидемиологиялық қызмет мамандарының айтуынша, бұрын бұл дертпен тек кішкентай балалар ауырып келсе, қазір жағдай өзгерді.  

СНХ: СЕРІК ОМАРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Өңірдің 9 аумағында осы ауру тіркелді. Оның басым бөлігі Көкшетауда – 96 оқиға, Бурабай ауданында –64 оқиға тіркелді, бұл өңірдегі жұқпалы дерттің таралу ошағы облыс орталығында екенін білдіреді. Бурабай ауданындағы Әскери колледжде 35 оқиға тіркелді, яғни бұл ұжыммен осы дертке шалдығудың айқын көрсеткіші. Көкшетау қаласында жұқпалы дертке шалдыққандардың тобы әр түрлі, яғни оның жұғу ошағы әлі де белсенді деген сөз.

РКС: Дегенмен көкжөтелдің таралуы сәл бсеңдеген. Оны жұқтырғандар саны өңірде екі есеге азайды. Алайда бұл дертке түрлі ауруға қарсылық күші қалыптаспаған балалардың шалдыққаны дәрігерлерді алаңдатып отыр. 

СНХ: СЕРІК ОМАРХАНОВ, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ: Балалар арасында біздің өңірде көкжөтелмен 14 жасқа дейінгі балалар тіркелген. Бір жасқа дейін –5 оқиға, бұл 55,5 пайыз және бір жастан төрт жасқа дейін 44,4 пайыз,соның ішінде мектепке дейінгі мекемелерге бармайтын 8 бала бар. Оқушылар арасында 1 оқиға тіркелді. Бұл дертке шалдыққан балалардың бірде-бірі вакцина алмаған немесе ата-анасы бас тартқан.   

РКС: Мұнымен қоса дәрігерлер облыста жедел ішек аурулары оқиғасының жиілегенін айтады. Бұл тікелей жаз маусымына байланысты. Жоғарыда айтқан ауру түрлерінің одан әрі таралуын болдырмау үшін өңірде ақпараттық жұмыстар күшейтілді. Басты назар вакина алуға аударылып отыр. Алдын алу шаралары перзентханаларда арнайы штаб арқылы қадағалауға алынған. 

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ