ДИКТОР: Щучинск қаласында велоспорттан Қазақстан ұлттық чемпионаты аяқталды. Еліміздің кіл мықтылары сол жерде анықталды.Турнирдің барлық санаты бойынша 800-ден астам адам қатысты. Оның үздіктері еліміздің намысын халықаралық ареналарда қорғайды.  

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Еліміздің мықты велошабандоздары бұл жолы трассада кездесті. Чемпионаттың бағдарламасында спорт жұлдыздары, жастар, жасөспірімдер, әуесқойлар мен параспортшылар бар. Кезең қорытындысының ерлер арасындағы топтық жарысында Қазақстанның жаңа чемпионы анықталды. 

СНХ: НИКОЛЯ ВИНОКУРОВ, ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН ЧЕМПИОНЫ: Күн қатты ыстық болғандықтан, жарыс өте қиын жағдайда өтті. Бірақ біз командамен жеңіске жеттік. Бұл жарысқа бір жыл бойы дайындалдым. Қазақстан чемпионы жейдесі мен алтын медальға қол жеткізгеніме өте қуаныштымын.

РКС: Чемпионат қорытындысы бойынша үздік велошабандоздар тек награда алып қоймайды.Ұлттық біріншілік спортшыларға Қазақстан құрама командасына жолдама береді және халықаралық жарыстарға шығуға мүмкіндік туады. 

СНХ: ВИТАЛИЙ МАЗУРЕНКО, ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Ұлттық чемпионатта жеңіске жету әр спортшының арманы, бұл биік деңгейдегі жарыстарға қатысуға таптырмайтын мүмкіндік, әрі табысқа жетудің кілті. Мұнымен қоса бірінші, екінші және үшінші орындарға ие болған спортшылар Қазақстан ұлттық құрамасына қабылданады.

 РКС: Ұйымдастырушылардың айтуынша, биылғы чемпионат ел спортшыларының деңгейі жоғары екенін көрсетті. Жыл сайын бәсекелестіктің артуымен отандық велоспорт та дамып келеді. 

СНХ: РАЙЫМБЕК БАТАЛОВ, ВЕЛОСПОРТТАН ҚАЗАҚСТАН ФЕДЕРАЦИЯСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ:Ь Біз ұйымдастыратын кез келген чемпионат велоспортты дамытуда маңызды роль атқарады. Спортшылардың деңгейі осындай жарыстарда көрінеді. Әрі біздің мүмкіндіктеріміз аймақтың да дамуына ықпал етеді.

 РКС: Ұлттық чемпионат аяқталды, жеңімпаздар анықталды, енді еліміздің мықты велоспортшыларын халықаралық жарыстар күтіп тұр. Дәл осындай сайыстар ұлттық құраманың қалыптасып, қазақстандық велоспорттың дамуына жол ашады. 

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЛАУРА ФАЙЗУЛЛА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.