ДИКТОР: Елімізде көктемгі әскерге шақыру науқаны жүргізілуде. Науқан аясында 18 бен 27 жас аралығындағы азаматтар мерзімді әскери қызметке шақырылады. Қорғаныс істері жөніндегі басқарма өкілдерінің айтуынша, шақырту алған азаматтар белгіленген уақытта медициналық комиссиядан өтіп, әскерге жарамдылығы анықталуы тиіс. Тілшіміз Евгений Варанкин жалғастырсын.

РКС: Алайда әскерге кейбір шақырылушылар қағаз немесе электрондық шақыртуды алғанына қарамастан, әскери комиссариатқа келмейді. Мұндай жағдайда заң талаптарына сәйкес оларды іздестіру және медициналық комиссияға жеткізу шаралары қолға алынады. Бұл жұмыстар жергілікті полиция қызметкерлерімен бірлесіп жүргізіледі.

СНХ: ЗИЯТ ЕЛАМАНОВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ҚОРҒАНЫС ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БӨЛІМ БАСТЫҒЫ: Қазақстан Республикасының Заңы әскери қызметшілер және оның мәртебесі бойынша, осы заңның 17 бабына байланысты әскерден жалтарылып жатқан әскерге шақырылушыларды... Заң бойынша жергілікті полиция органдарының қызметкерлермен бірге медициналық комиссияға жеткіземіз. Оның басты себептері әскерге шақырылушы қазіргі заңнама бойынша әскерге шақыру қағазы немесе 1414-тен электрондық шақыру қағазы келіп, сол қағаздардан бас тартып, уақытында келмей жүрген әскерге шақырылушыларды біз әскери медициналық комиссиясына жергілікті полиция органдарымен жеткіземіз. 

РКС: Мамандардың сөзінше, азамат заңды түрде жолданған шақыртуға жауап бермесе, бұл әскери міндетті өтеуден жалтару ретінде қарастырылады. Сондықтан тұрғындарға заң талаптарын сақтап, шақырту бойынша уақытылы келу ұсынылады. Қоғамда бұл мәселеге қатысты пікір әртүрлі. Бірі әскерді тәртіп пен жауапкершілік мектебі деп бағаласа, енді бірі барлық рәсімдердің заң аясында жүргізілуі қажеттігін айтады. Тұрғындардың пікірінше, әскери қызмет әр азаматтың Отан алдындағы борышы болғанымен, шақыру жұмыстары заң талаптарына толық сәйкес ұйымдастырылуы тиіс.

БЛИЦ:

 - Қазір балаларды әскерге бір жағынан беруге де болады, өйткені тәлім-тәрбие дұрыс болатын сияқты. Әскерге жіберудің қорқынышы жоқ ешқандай, менің ойымша. 

 - Әскерге бару керек, жастар. Әскерден қорықпау керек, 18 жасынан міндеттенеу керек. Қазақстанды қорғау керек. Біз де бәріміз бардық ғой. Отан алдындағы борышын өтеу керек.

 - Негізінен мен ең біріншіден өте қатты қорқып кетуші едім. Себебі далада жүргенде тәртіп сақшылары келіп, оларды алып кету олардың құқықтары жоқ ондай. Егер де алдын ала повестка келмесе алып кете алмайды. Алдын ала повестка келсе, әрине болады, құқықтары бар.

 - Мы, конечно, не поддерживаем такое, не должны так поступать. Все должно быть по закону. Должна прийти повестка или онлайн, как сейчас. Добровольно должны все приходить. Но не должно быть такого, чтобы хватали на улице.

РКС: Қазір көктемгі шақыру науқаны жоспарға сай жалғасып жатыр. Қорғаныс істері жөніндегі басқарма өкілдері шақырту алған азаматтарды медициналық тексеруден уақытылы өтіп, әскери міндетін орындауға шақырады.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ