ДИКТОР: Өңірде алғаш рет «Толағай» атты отбасылық спорттық жарыс өтті. Шараның басты мақсаты ұлттық тәрбие негізінде әке мен бала арасындағы байланысты нығайтып, отбасылық құндылықтарды дәріптеу болды. Тағылымды жарысқа «Болашақ» спорттық сарайының тәрбиеленушілері мен олардың әкелері белсене қатысты. 9 жұп ұлттық ойын түрлерінен сынға түсіп, өздерінің ептілігі мен шеберлігін ортаға салды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жарыс 5 ұлттық ойын түрі бойынша ұйымдастырылды. Атап айтқанда; ләңгі тебу, найза лақтыру, садақ ату, серке көтеру және арқан тартыс.
STEND-UP: РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ТІЛШІ: Додада жұптар тек қарсыластарымен ғана емес, әке мен бала өзара да бақ сынасты. Әкелер 10 келілік, балалар 5 келілік серке көтеріп, білектің күші мен төзімділік танытты. Бұл жарыста әсіресе әкесінен бір елі қалыспған балалардың өр рухы байқалады.
СНХ: ІЛИЯС ҚУАНЫШПАЙ, «ТОЛАҒАЙ» ОТБАСЫЛЫҚ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСЫНА ҚАТЫСУШЫ: Маған жарыс ұнап жатыр. Бірақ өте қиын. Қойды көтеру. Өйткені оны қолға алып көтеру керек, ал ол өте қиын аяқ ауырады. Бүкіл күшімді салдым.
СНХ: ЕРНАТ СЫЗДЫҚОВ, «ТОЛАҒАЙ» ОТБАСЫЛЫҚ СПОРТТЫҚ ЖАРЫСЫНА ҚАТЫСУШЫ Жастар спортшы болсын. Үлкен азамат болсын. Ұнады. Көңіл кішкене көтеріп. Бәрі жақсы болды.
РКС: Сайыста әке мен бала бір-біріне сүйеніш болып, ұжымдаса қимылдап, ақылдаса отырып ортақ мақсатқа жұмылды. Олар бір жеңнен қол, бір жағадан бас шығарып, жеңіс жолында күш-жігерін біріктірді. Әкелер балаларына деген мақтанышы мен игі тілектерін жасырмады. Ал мұның бәрін тамашалаған аналардың жанары қуаныш нұрына толып, жүректері шаттыққа бөленді.
СНХ: ҚАЛАМҚАС ҚҰСАЙЫНОВА, ЖАНКҮЙЕР: Әке мен бала арасында сайыс жүріп жатыр. Өте қуаныштымын. Әкеге қарап ұл өсер демекші. Әкесіне қарап баламыз үлгі алып еліміздің мақтан тұтар азамты болуына үлкен үлес бұл.
РКС: Бурабай қаласында дәл осындай отбасылық жарыста Ақмола облысының намысын қорғап, жүлделі оралған Ринат Қыдырмен бүгін шәкірттерінің өнерін көріп тәнті. Ол өз тәлімгерлерін мүлде басқа қырынан танып, әкелерімен бұрынғыдан да жақындай түсті. Бұл күн тек жарыс күні ғана емес, ұрпақтар сабақтастығы мен отбасылық ынтымақтың айқын көрініс тапқан әсерлі сәті ретінде есте қалды- дейді жаттықтырушы.
СНХ:РИНАТ ҚЫДЫРМЕН, ЕРКІН КҮРЕСТЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫ: Балалардың, әкелердің эмоциялары өте жоғары. Әкесі тигізе алмаса да, ұлы тигізіп жатыр. екеуінің ортақ қуанышы. Өзімізді жақсы әсерге қалдырды. Әке мен баланың қарым-қатынасында осындай шаралар маңызды. Сондықтан шәкірттеріме арнайы осындай әкелеріне жақын болсын деп осындай шараны ұйымдастырдық.
РКС: Шара соңында барлық қатысушылар арнайы марапаттарға ие болып, бағалы сыйлықтармен қуантылды. Айта кету керек, мұндай тағылымды бастаманың жүзеге асуына жергілікті кәсіпкерлер де өздерінің белсенді қолдауын көрсетіп, игі істің ілгерілеуіне үлес қосты. Жұмыла атқарылған бұл жұмыс ұлттық тәрбиедегі әке мен баланың өзара қарым-қатынасының маңызын айқындап, оның болашақ ұлт тәрбиесіндегі орны ерекше екенін тағы бір мәрте дәлелдеді.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ