ДИКТОР: Щучинск қалсында шоссе велоспортынан ұлттық чемпионат өтіп жатыр. Жарыстар 28 маусымға дейін жалғасады. Бурабай ауданының көркем де күрделі трассаларында Қазақстанның ең үздік спортшылары чемпиондық атағы үшін бақ сынап жатыр. Ел чемпионаты аясында жеке, командалық және топтық дисциплиналар бойынша жеңімпаздар мен жүлдегерлер анықталады. Додаға тілшіміз Евгений Варанкин барып қайтты.

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Чемпионаттың бесінші күні жасөспірімдер, U23 санатындағы спортшылар және элита өкілдері арасында жекелей уақытқа жарыстар өтіп жатыр. Әсіресе ерлер арасындағы элиталық жарыстарға қызығушылық жоғары. Спортшылар Қазақстан чемпионы атағымен қатар рейтингтік ұпайлар мен халықаралық жарыстарда ел намысын қорғау мүмкіндігі үшін таласады.

СНХ: ВИТАЛИЙ МАЗУРЕНКО, ТУРНИРДІҢ АТҚАРУШЫ ДИРЕКТОРЫ: Чемпионат аясында ерлер арасындағы жастар санаты мен элиталық топтың жекелей жарысы өтуде. Ертеңнен бастап спортшылар топтық жарыстарда бақ сынайды. Бұл дода алдағы Азия ойындарына іріктеудің негізгі кезеңінің бірі. Сондықтан мұнда еліміздің ең мықты велошабандоздары жиналды. Әйелдер құрамасы да жоғары нәтиже көрсетіп келеді. Бүгінгі жарыс қашықтығы 30,2 шақырым. Бұл көрсеткіш Жапонияда өтетін Азия ойындарындағы жарыс қашықтығымен бірдей.

РКС: Ұлттық чемпионат спортшылардың қазіргі дайындығын бағалап қана қоймай, халықаралық аренада ел намысын қорғайтын үздіктерді анықтауға мүмкіндік береді. Сондықтан жарыс жолындағы әр секунд пен әр нәтиженің маңызы зор. 

СНХ: АЛЕКСАНДР ВИНОКУРОВ, ВЕЛОСПОРТТАН ҚР ЕҢБЕК СІҢІРГЕН ЖАТТЫҚТЫРУШЫСЫ: Жарысқа қатысушылардың деңгейі жоғары. Қазақстан чемпионаты әуесқойлар үшін де, кәсіби спортшылар үшін де маңызы зор дода. Бүгін біз үшін алғашқы кезең – жекелей жарыс өтті. Бұл – топтық жарыс алдындағы спортшылардың дайындығын бағалауға мүмкіндік беретін маңызды дисциплина. Федоров жақсы нәтиже көрсетіп, жеңіске жетті. Ал жастар санатындағы спортшылар да жанкүйерлер үмітін ақтады. Командалық есепте Солтүстік Қазақстан облысының құрамасы топ жарды.

СНХ: ЕВГЕНИЙ ФЕДОРОВ, ТУРНИР ЖЕҢІМПАЗЫ: Бірінші, екінші және үшінші орын алған спортшылардың барлығы «Астана» командасының мүшелері. Бұл жарысқа барлығымыз бірге дайындалдық. Дайындық халықаралық жарыстар аясында өтті. Мұнда кеше ғана келдік. Биылғы негізгі мақсатымыз Азия ойындарына тыңғылықты дайындалып, жоғары нәтиже көрсету. Бүгінгі жарыс жолы күрделі болды. Жаңбыр жауып, спортшыларға қосымша қиындық туғызды.

РКС: Чемпионаттың бесінші күнінде жастар санатында 28 қатысушы арасында Солтүстік Қазақстан облысының командасы жеңімпаз атанды. Элиталық топтың жекелей жарыста 19 велошабандоз қатысып, үшінші орынды Антон Кузьмин иеленсе, жүлделі екінші орынға Николя Винокуров жетті. Евгений Федоров жеңімпаз аттанды.

ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ