ДИКТОР:«Жастар Рухы» жастар қанатының өкілдері «Вандализмге жол жоқ» атты кезекті экологиялық акция өткізді. Игі бастама Бурабайдың баурайында орналасқан Бөлектау тауында ұйымдастырылды. Шара барысында белсенді жастар тастарға жазылған жазуларды өшіріп, ағаш бұтақтарына ілінген қоқыс пен түрлі ленталарды жинап, киелі мекеннің табиғи келбетін қалпына келтіруге атсалысты.
РКС: Курортты аймаққа көпшілік Бурабайдың көркем келбетіне тамсанып, соның саясына тынығу үшін келеді. Алайда демалушылардың арасында табиғаттың шынайы сұлулығына нұқсан келтіретіндер де жоқ емес. Мәселен, тасқа есімін қашап жазып, өз ізін қалдырғысы келетіндер көп. Оған қоса ағашқа шүберек байлап, естелік ретінде қабылдайтындар да бар. Сырт көзге бұл әрекеттер бейкүнә, тіпті табиғатпен сырласқандай әсер қалдыруы мүмкін. Бірақ әрбір осындай бей-берекет әрекет жергілікті табиғат аясына қиянат жасайды.
РКС: СҰЛТАНБЕК БЕКЕШЕВ, «ЖАСТАР РУХЫ» ЖАСТАР ҚАНАТЫ ОБЛЫСТЫҚ ФИЛИАЛЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Біз ағаштарға байланған ленталарды жинап, тазалаймыз. Әсіресе мұндай әрекетті ғашық жұптар жиі жасайды. Алайда көпшілік ағашқа лента байлау оның табиғи дамуына зиян келтіретінін, тіпті уақыт өте келе ағаштың кеуіп, қурап қалуына себеп болатынын біле бермейді. Бұл акцияны біз алғаш рет өткізіп отырған жоқпыз. Бірнеше жыл тұрақты түрде ұйымдастырып келеміз. Осы уақыт ішінде атқарылған жұмыстың оң нәтижесін де байқауға болады. Жылдан жылға ленталардың саны азайып келеді. Дегенмен, өкінішке қарай, әлі де кездесіп жатады.
РКС: Курортты аймаққа келушілер вандализм қоғамдық мәдениетке кері әсер етеді деп санайды. Сондықтан мұндай әрекеттер қоршаған ора үшін аса қауіпті екенін айтады.
БЛИЦ:
- Табиғаттың осындай таулы тасты жерлерін сызуға, оларды бояуға, оларға қандай да бір зиянды келтіруге, әрине, біз қарсымыз, себебі мемлекетіміздің тарапынан халқымызға көптеген жақсы жағдайларды жасап қойған, Қазақстанымыздың Швейцариясы атанған осы Көкшетаудың Бурабай нүктесіне. Ең әдемі табиғат аясын міндетті түрде халық болып қорғап жүруге тиістіміз.
- Табиғатты аялау керек, әр түрлі жазбалар жазылған екен, жалпы адам табиғатты аялай білетін болса, табиғат көптеген өзінің жақсы жақтарын көрсететін болады. Және туристеріміз осы Бурабайға көп келетін болады және әуе алайық қорғайық табиғатты.
- Сіздерден өтінерім Бөлектауда тазалық сақтап, өздеріңізді серуен кезінде әдемі ұстауларыңызға шақырамын, кеңес беремін бөлек таудың. Өзінің тіршілігі, табиғаты өте керемет, сондықтан бізге ұнады. Сіздердің барлықтарыңызға жалынды сәлем!
РКС: Жыл басынан бері аймақта дәл осындай 50-ге тарта акция ұйымдастырылды. Қысқа мерзімде азаматтардың бойына табиғатқа деген шынайы мәдениетті қалыптастыру мүмкін емес. Дегенмен, ұйымдастырушылар қазірдің өзінде мұндай шаралардың оң әсері барын атап өтуде. Жыл сайын бұзақылық әрекеттер азайып келеді, бұл қазақстандықтардың табиғатқа деген құрметінің артқанын көрсетеді.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ