ДИКТОР: Ауыл бизнесі үшін мемлекеттік қолдау бұрынғыдан да қолжетімді бола түсті. «Даму» қорының мамандары «Мобильді фронт-кеңсе» жобасы аясында аудандарға шығып, бағдарламалар туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде. Осындай кездесу Целиноград ауданына қарасты Ақмола ауылында өтті.
РКС: Алтынай Тәңірбергенова жұбайымен ауданда этнотуризмді дамытуда. Жуырда отбасы ауыл шаруашылығы өндірістік кооперативін құрды. Қазір олар жобаны әрі қарай ілгерілету үшін мемлекеттік қолдаудың мүмкіндіктерін қарастыруда. Кәсіпкер мұндай кеңес түрі қолданыстағы бағдарламаларды зерделеуге көмегі тигенін атап өтті. Өз бизнестері үшін барынша тиімді тәсілді таңдауға болады,-дейді.
СНХ: АЛТЫНАЙ ТӘҢІРБЕРГЕНОВА, ЖЕКЕ КӘСІПКЕР: «Даму» қоры, банктер, қаржыландырумен айналысатын ұйымдар бәрін тәптіштеп түсіндірді. Мемлекеттік қолдаудың түрлеріне қатысты сұрақтарды қойдық. Бүгін айтылған шаралардың бәрі әр деңгейде жұмыс істеп жүрген кәсіпкерлерге арналған. Қандай мүмкіндіктер қарастырылған, қандай кепіл қою керек, бәрін қараймыз, сосын шешім қабылдаймын.
РКС: «Даму» қорының мобильді фронт-кеңсесі кәсіпкерлердің тікелей өз ауданы мен ауылында кеңес алуына мүмкіндік береді. Бұл жолы Целиноград ауданының 90-ға жуық кәсіпкері, сонымен бірге өз ісін ашуды жоспарлап жүрген тұрғындары кездесуге қатысты.
СНХ: НҰРГҮЛ БОЛЫСОВА, «ДАМУ» ҚОРЫ ӨҢІРЛІК ФИЛИАЛЫНЫҢ БАҒДАРЛАМАЛАРДЫ ІЛГЕРІЛЕТУ ЖӨНІНДЕГІ МЕНЕДЖЕРІ: Аталған бағдарлама аясында бізбен бірге облыстық қаржылық ұйымдарының өкілдері, екінші деңгейлі банктер және өзге де ұйымдар келді. Бағдарламаның мақсаты кәсіпкерлерді онымен таныстыру. Ол ең алдымен облыс орталығына, алыс аудандарға барып, уақытын босқа кетірмеу үшін жасалып отыр. Біз өзіміз келіп кеңес беріп кетеміз. Кәсіпкерлерге, өз кәсібін ашуды жоспарлап жүрген жандарға қор жүзеге асырып жатқан бағдарламалар туралы айтамыз. Кепілдендіру, субсидиялау,, сонымен бірге қаржылық емес қаржыландыру мәселелерін түсіндіреміз.
РКС: Проект «Мобильді фронт-кеңсе» жобасы кәсіпкерлер үшін мемлекеттік қолдау шараларының қолжетімділігін арттыруға бағытталған. Бұл шара шалғайдағы елдімекендерде де жүзеге асырылуда. Айдың соңына дейін мұндай кездесулер Егіндікөл, Астрахан және бұланды аудандарында, сондай-ақ Степногорск қаласында да өткізілмек.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ