ДИКТОР: Құрметке лайық маман болса, ол - ақ халатты абзал жандар. Адам өміріне араша түсіп, талай жанның саулығын сақтап жүрген медицина қызметкерлерінің еңбегі - қашанда ерен. Кәсіби мереке қарсаңында Көкшетауда денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосып жүрген бір топ маман мемлекеттік және ведомстволық наградалармен марапатталды. Айта кетейік, бүгінде Ақмола облысының денсаулық сақтау жүйесінде 12 мыңнан астам маман еңбек етеді.

ИНТЕРШУМ: 

STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Сала үздіктеріне «Құрмет» ордені, «Еңбек ардагері», «Денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Саланың дамуына қосқан үлесі үшін» төсбелгілері мен облыс әкімінің Алғыс хаттары табысталды. Марапат иелерінің бірі Көкшетау қалалық емханасының директоры - Ғалия Сабатаева. Салада 40 жылдан бері еңбек етіп келе жатқан маманға бүгін «Құрмет» ордені берілді.

СНХ: ҒАЛИЯ САБАТАЕВА, КӨКШЕТАУ ҚАЛАЛЫҚ ЕМХАНАСЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Мен дәрігерлер династиясының өкілімін. Салада отбасымызбен еңбек етіп келе жатқанымызға 180 жылдан асты. Ата жолын жалғастырып, халық денсаулығына қызмет етуді өмірлік мұратымызға айналдырдық. Өзім ұзақ жыл Көкшетау қалалық емханасын басқарып келемін. Осы уақыт аралығында медицина қызметкерлері әрбір науқастың сауығып кетуі үшін аянбай еңбек етіп, бар күш-жігерін жұмсайтынына талай мәрте куә болдым. Бүгінде сала қарқынды даму үстінде. Сондықтан біз де біліктілігімізді арттырып, ұлт саулығы жолында адал еңбек етуді жалғастырамыз.

РКС: Ал Мейрам Дүйсекеев облыстық көпбейінді балалар ауруханасының травмотолог-ортопед дәрігері. Салада 20 жылдан аса еңбек етіп келеді. Ұзақ жылғы адал қызметі үшін «Денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісі табысталды.

СНХ: МЕЙРАМ ДҮЙСЕКЕЕВ, ОБЛЫСТЫҚ КӨПБЕЙІНДІ БАЛАЛАР АУРУХАНАСЫНЫҢ ТРАВМОТОЛОГ-ОРТОПЕД ДӘРІГЕРІ: Осы 20 жыл бойы істеген еңбегімнің жемісі деп ойлаймын. Мен травмотология-ортопедияда істегенде бала мен ананың денсаулығына көп көңіл бөлемін. Барлықтарыңызға тілейтінім зор денсаулық, еліміз көркейе берсін! Пациенттердің алғыстары көп болсын! 

STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Соңғы жылдары өңірде денсаулық сақтау саласын жаңғырту бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып келеді. Жаңа медициналық нысандар бой көтеріп, тұрғындардың сапалы медициналық көмекке қолжетімділігі де арта түсті. Бүгінде қазақстандықтардың орташа өмір сүру ұзақтығы 76 жасқа жеткен. Соңғы үш жылда ана мен бала өлімі де айтарлықтай азайған. Бұл - Тәуелсіздік жылдарындағы ең төменгі көрсеткіш. Әрине, аталған оң өзгерістер саладағы жүйелі реформалар мен абзал жандардың жанкешті еңбегінің нәтижесі. 

СНХ: НҰРБЕК ШӘКЕЙ, ЖАЛПЫ ПРАКТИКА ДӘРІГЕРІ (ШОРТАНДЫ АУДАНЫ): 2016 жылы бітіргенмін. Астана университетін. Қазіргі таңда 10 жылдық стажбен Ақмола облысына Шортанды ауданына жұмысқа тұрдым. Білікті мамандарға қазір үлкен көмек көрсетіліп жатыр. Соның бірі – пәтер. Екіншіден көмек ақша, ол «Дипломмен ауылға» подъемный. Кәсіби мерекеге орай 2 бөлмелі пәтерді табыс етті. Өте қуаныштымын. 

STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Салтанатты жиында аймақ басшысы Марат Ахметжанов медицина қызметкерлерін кәсіби мерекемен құттықтап, ұлт саулығын сақтаудағы қажырлы еңбегі үшін алғыс білдірді. 

СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Баршаңызды кәсіби мерекелеріңізбен - медицина қызметкерлері күнімен шын жүректен құттықтаймын! Еліміздің Конституциясында әрбір азаматтың денсаулығын қорғауға құқығы бекітілген. Бүгінгі таңда біздер жаңа халықтық Конституцияны қабылдап, кең ауқымды өзгерістерді жүзеге асырудамыз. Еліміз жаңа дәуірге қадам басты. Онда адал еңбек, әділ ұстаным, сондай-ақ заң мен тәртіп құндылықарға басымдыққа ие. 

STAND-UP: ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ТІЛШІ: Өз ісіне адал, кәсібіне жан-тәнімен берілген мамандар аз емес. Бүгінде елімізде денсаулық сақтау саласында 280 мыңнан астам маман болса, оның 12 мыңнан астамы Ақмола облысында еңбек етеді. Жауапкершілігі мол мұндай жандардың қоғамда алатын орны қашан да биік, абыройы асқақ. 

ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ