ДИКТОР: Астрахан ауданына қарасты Жалтыр ауылында алтын өндіретін жаңа зауыт іске қосылды. «Ақбейіт» кен орнының базасында жаңа өндіріс ашылды. Қазір мұнда қазақстандық «Aina Resources» тау-кен компаниясы алтын өндірумен айналсады. Шетелдік инвесторлар да тартылған. Ақмола облысы әкімінің орынбасары Ернар Жәркешов аудан тұрғындарын айтулы оқиғамен құттықтады.
РКС: Жаңа инвестор кен орнын былтырдан бері ғана игеріп жатыр. Аз ғана уақытта ауқымды жұмыс атқарылды. Алтын өндіруді жолға қойды. Заманауи жабдықтар сатып алынды. Осылайша алтын өндіретін жаңа фабрика салынып, іске қосылды.
СНХ: НҰРЖАН УАЖАНОВ, «AINA RESOURCES» СЕРІКТЕСТІГІНІҢ БАСШЫСЫ: Мына заводтың қуаты 100 мың тонна жылына өндіретін. Шығарылатын өңдірісіміз ол таза алтын концентрат. Флотоконцентрат деп аталады. Тағы сплав ДОРЕ дейді. Оны біз мемлекетке тапсырамыз. «Тау-Кен Самрұққа». Ал концентратты біз нарыққа сатамыз. Енді бұл жобаға қазіргі таңда 100 млн доллардан астам қаржы құйылды. +скл+ Қазіргі танда завод орташа қуатымен істеп жатыр. Бір айдың ішінде толық қуатқа шығамыз деп үміттенеміз. Негізге осы өндіріс аймаққа жақсылық әкеледі.
РКС: Ақбейіт кен орнын өткен ғасырдың 30-шы жылдары игеріле бастады. Жергілікті ақсақалдар бұл жерде бір кездері жұмысшылар поселкесі болғанын еске алады. Алайда 1990 жылдары шахталар жабылып қалды. Жұмыстың жоқтығынан ауыл адамдары көшіп кеткен. Кейін Ақбейіт Жалтыр ауылына қосылды. Сондықтан фабриканың ашылуына ауыл тұрғындары риза. Олар жаңа өндіріс орны ауылға оң әсер етеді деп сенеді.
СНХ: ЕГІНБАЙ ОСПАНОВ, ЕҢБЕК АРДАГЕРІ: Ақбейіт - бұл үлкен ауыл болды. Алтын завод, шығаратын фабрикасы болғаннан, жер астынан. Бәрі адамдар кетті завод жабылып қалған. Соның енді ашылғаны көптен қуаныштымын. Еңбектеріңіз жемісті болсын.
СНХ: ЖАҢБЫРБАЙ ОРМАНОВ, АСТРАХАН АУДАНЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Ол үлкен жоба. Халықтың әлеуметтік жағдайын түзеуге, осы ауылдың міне енді көріп отырсыздар, жолдарын түзеуді. Ауылдың азаматтарын еңбекке араластыруға сондай үлкен іс атқарылып отыр. Соған тілектеспіз, осы басталған іс арға қарай жалғасын табады деп тілеп сенімдеміз.
РКС: Өз кезегінде аймақ басшысының орынбасары аталған жобаның арқасында ауылда 200-ге тарта жұмыс орны құрылғанын атап өтті. Алдағы уақытта бұл көрсеткіш екі есе ұлғайтылмақ. Ернар Жәркешов фабрикада негізінен жергілікті тұрғындардың жұмыс істеуіне басымдық беріліп отырғанын жеткізді. Сонымен қатар бизнес әлеуметтік жауапкершілікті де ұмытқан жоқ. Жұмысшылар жатақханада орынмен және ыстық тамақпен қамтылған. Маңызды өндірістік жобаның жүзеге асуына Сингапурдан келген компания үлес қосуда.
СНХ: ЭССА АБДУЛЛА АХМЕД АЛЬ ГУРАИР, ESSA AL GHURAIR INVESTMENT КОМПАНИЯСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Алтын өндіру – біздің алғашқы бірлескен жобамыз ғана. Біз әлеуетті ынтымақтастықтың көптеген бағытын көріп отырмыз. Алдағы уақытта екі ел арасындағы іскерлік қарым-қатынасты одан әрі нығайтатынымызға сенімдімін. Ақмола облысы ауыл шаруашылығына, пайдалы қазбаларға және өзге де ресурстарға бай. Қазір сіздердің алдарыңызда өңдеу өнеркәсібі мен өсімдік шаруашылығын терең өңдеуді дамытуда зор мүмкіндік бар. Біз осындай жобаларда бірлесіп жұмыс істеуге мүдделіміз. Атап айтқанда, біздің компания қосылған құны бар астық өнімдеріне қызығушылық танытуда.
РКС: Жақында аймақ басшысы «Aqmola Invest» орталығында компания-инвесторлардың өкілдерімен кездесті. Кеңесте тараптар аграрлық және өнеркәсіп салаларында алдағы ынтымақтастық мәселелерін талқылады. Республикалық маңызы бар AQMOLA және KOKSHE INDUSTRY индустриалды аймақтардың дамуы туралы айтты. Облыс әкімі әр салада жүзеге асырылып жатқан жобалар тұрғындардың өмір сүру сапасының артуына оң ықпал етуі тиіс екеніне тоқталды.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЭЛЬМИРА ОСПАНОВА, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ