ДИКТОР: Атбасар ауданының прокурорлары бюджет қаржысын тиімсіз жұмсаудың жолын кесті. Субұрқақты қайта қалпына келтіруге 170 миллион теңге жұмсау жоспарланған. Бірақ аудандық прокуратура заңнаманың бұзылуына байланысты мемлекеттік сатып алуды тоқтатты. 

РКС: Жергілікті құрылыс бөлімі ескі құжаттар бойынша субұрқақты жөндеуге келісім-шарт жасасқан. Прокурорлар жобаның сметасы осыдан екі жыл бұрын дайындалғанын анықтады. Бірақ, ол жұмысқа осы уақыт аралығында қаржы бөлінбеген. 

СНХ: МЕРУЕРТ БАЙБОЛОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСТЫҚ ПРОКУРАТУРАСЫНЫҢ РЕСМИ ӨКІЛІ: Сонымен қатар, мердігер ұйым бұған дейін сот шешімімен мемлекеттік сатып алудың жосықсыз қатысушысы деп танылды. Прокуратураның қадағалау актісі негізінде аталған мемлекеттік сатып алу рәсімі күшін жойды. Бұл бюджет қаражатының тиімсіз жұмсалуына жол бермеуге мүмкіндік берді. Осы бағыттағы жұмыс жалғасуда.

РКС: Ресми мәліметтерге сәйкес жыл басынан бері қадағалаушы орган 3,7 миллиард теңгенің негізсіз шығындарын жұмсауға жол берген жоқ, Осылайша облыс бюджетіне қайтарылды. Бұған дейін Бұланды ауданының прокурорлары 1 миллиард 800 миллион теңгеге бағаланған орман қорының жерін мемлекетке өткізді. Жер телімін жалға алғандар жылдап туристік бизнесті дамытпаған. Сондықтан жерді жаңа инвесторларға беру үшін қайтарып алды. Ал керісінше Біржан сал ауданының прокуратурасы кәсіпкердің құқығын қорғады. Жеке кәсіп иесі картоп өсіруге 800 миллион теңге қаржы құйған. Бірақ, жер қатынастары ведомствосының шенеуніктері оның жер теліміне қатысты шектеуді уақытында алмаған. Прокуратура араласқаннан кейін барып қана барлық кедергі жойылып, шаруашылық жұмысын жалғастырды. 

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ