ДИКТОР: Аршалы ауданында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында «Таза ел – жарқын болашақ» экологиялық акциясы өтті. Ауданның 200-ден астам тұрғыны қоршаған ортаны қорғау мен туған өлкені көркейтуге өз үлесін қосты.

РКС: Акция барысында Есіл өзенінің жағалауындағы аумақ пен қоғамдық орындар тұрмыстық қалдықтардан тазартылып, іргелес аумақтарды абаттандыру жұмыстары жүргізілді. Іс-шараға жергілікті атқарушы органдардың өкілдері, аудандық мәслихаттың депутаттары, білім беру ұйымдарының қызметкерлері, волонтерлер, ардагерлер мен аудан тұрғындары белсене қатысты.

СНХ: ШЫРЫНГҮЛ ҰЗАҚБАЕВА, АРШАЛЫ АУДАНЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІ ПРЕЗИДИУМЫНЫҢ МҮШЕСІ: Таза Қазақстан, таза ел, елдің жақын болашағы, аспасына келсеңе қатысып, табиғатты қорғауға, бізді қоршаған табиғаттың тазалығын орындауға өз үлесімізді қосайық. Таза ауа, таза көше, таза көше, таза ауыл. Міне, осылай халық та атсалысады. Табиғатқа аманат, ұрпақтарға аманат табиғаттың тазалығы. 

СНХ: ЕРНҰР СӘРСЕКЕЕВ, ВОЛОНТЕР: Біз, Аршалы ауданының жастары, «Таза Қазақстан» акциясына белсене қатысып, Есіл өзенінің жағалауында тазалық жұмыстарын жүргізіп жатырмыз. Таза ортада өмір сүру - бәріміз үшін маңызды.

РКС: Экологиялық акция түрлі жастағы адамдардың басын біріктірді. Қатысушылар табиғатты қорғау әр адамның күнделікті қарапайым, бірақ маңызды әрекетінен басталатынын атап өтті. Мұндай іс-шаралар экологиялық мәдениетті қалыптастыруға, қоғамдағы жауапкершілікті арттыруға және белсенді азаматтық ұстанымды нығайтуға ықпал етеді, - дейді ұйымдастырушылар. 

СНХ: АБАЙ БЕКБАЕВ, АРШАЛЫ АУДАНЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ: Бұл мемлекет басшысының қолдауымен басталған экологиялық акция қазіргі таңда барша қазақстандықтардың экологиялық мәдениетіне айналды. Бүгінде біздің жерлестеріміз 200-ден астам, Аршалы ауданының тұрғындары осы акцияға қатысып, туған өлкенің таза болуына атсалысып жүр. ӘРІ қарай бұл да, бұл тамаша іс-шара өзінің жалғасын табатын болады. Себебі тазалық өз өлкеңнен, өз еліңнен, өз жеріңнен басталады.

РКС: «Таза ел – жарқын болашақ» акциясы бірлік пен өзара қолдауға, сондай-ақ жоғары қоғамдық белсенділікке толы жағдайда өтті. «Таза Қазақстан» бағдарламасы аясындағы жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасып, аудан тұрғындарын экологиялық және табиғатты қорғау бастамаларына көбірек тартуға бағытталмақ. Туған өлкенің тазалығына деген қамқорлық әр азаматтың жеке жауапкершілігінен басталады.

ИНДИРА СҰЛТАНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ