ДИКТОР: Қорғалжын ауданында жыл басынан бері әлеуметтік-экономикалық даму көрсеткіштері оң өсім көрсетіп отыр. Ауыл шаруашылығы, өнеркәсіп, инвестиция және инфрақұрылым салаларында бірқатар маңызды жоба жүзеге асырылуда. 4 айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өңімдерінің көлемі 30 процентке артқан. Бұл туралы Қорғалжын ауданының әкімі Алмас Алин өңірлік коммуникациялар қызметінің аланыңда өткен брифинг барысында мәлімдеді. Әріптесім Лаура Елубаева баяндайды.
РКС: Қорғалжын ауданында ауыл шаруашылығы экономиканың негізгі драйвері болып қала бермек. Жыл басынан бері ауыл шаруашылығы, орман және балық шаруашылығы өнімдерінің жалпы көлемі 916 млн.теңгеге жетті. Мал шаруашылығы саласында 300 тоннадан астам ет және 661 тонна сүт өндірілген. Көктемгі дала жұмыстары толық аяқталып, жоспарланған жұмыс уақытылы орындалды.
СНХ: АЛМАС АЛИН, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Жаздық ауыл шаруашылығы дақылдары 173 мың гектар алқапқа орналастырылып, жоспар 100 пайызға орындалды. Дәнді дақылдар 148 мың гектарға себілді. Оның ішінде бидай - 126 мың гектар, арпа - 17 мың гектар, жасымық - 2,3 мың гектар және сұлы - 2,5 мың гектар себілді. Жемшөп дақылдары 6 мың гектар алқапқа орналастырылып, жоспар 112 пайызға артығымен орындалды. Майлы дақылдар егісі айтарлықтай ұлғайып, жоспарланған 8,6 мың гектардың орнына 18 мың гектар жерге орналастырылды. Көктемгі дала жұмыстары аясында 64 мың гектар жерде ылғал жабу жұмыстары жүргізілді.
РКС: Өнеркәсіп саласында да оң динамика сақталуда. Өсімнің негізгі үлесі табиғи құм өндіру көлемінің артуымен байланысты. Сонымен қатар, өңдеу өнеркәсібінде ет, нан-тоқаш, кондитерлік өнімдері мен минералды су өндірілді. Инвестиция тарту бағытында да аудан жоғары көрсеткіштерге қол жеткізіп отыр. 4 айдың қорытындысы бойынша негізгі капиталға салынған инвестиция көлемі 2 млрд 32 млн.теңге. Қазір 5,4 млрд.теңгені құрайтын 17 инвестициялық жоба іске асырылуда.
СНХ: АЛМАС АЛИН, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Экономикалық белсенділік бюджет кірістерінің өсуіне ықпал етуде. 2026 жылдың бес айында барлық деңгейдегі бюджеттерге 1 млрд.281 млн.теңге көлемінде салықтар мен міндетті төлемдер түсіп, жоспар 121 пайызға орындалды. Жергілікті бюджет кірістері бойынша жоспар 126 пайызға орындалып, қосымша 124 млн.теңге түсім қамтамасыз етілді. Аудандық бюджеттің нақтыланған көлемі 2 млрд.462 млн.теңгені құрайды.
РКС: Ауданда тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы саласын дамытуға да ерекше көңіл бөлінуде. Жыл басынан бері 830 шаршы метр тұрғын үй пайдалануға берілді. Тұрғындарды сапалы ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында ірі инфрақұрылымдық жобалар жүзеге асырылуда.
СНХ: АЛМАС АЛИН, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Бүгінде Қорғалжын ауданындағы 18 елдімекеннің 13-і орталықтандырылған сумен жабдықтау жүйесімен қамтылған. 2023 жылдан бастап +скл+"Ақмола облысындағы Нұра топтық су құбырын реконструкциялау" жобасы іске асырылуда. Жоба төрт кезеңнен тұрады. Бірінші және екінші кезеңдерді іске асыруға үкімет резервінен 9,1 млрд.теңгеден астам қаражат бөлінді. Қазіргі уақытта жобаның үшінші кезеңі жүзеге асырылуда. Жоба шеңберінде жалпы ұзындығы 23,9 шақырым су құбыры салынып, су сақтау нысандары тұрғызылады. Аталған кезең аясында Алғабас, Қараегін, Қарғалы, Жантеке, Майшұқыр және Абай ауылдарын сапалы ауыз сумен қамтамасыз етуге бағытталған жұмыстар жүргізілуде.
РКС: Аудан аумағында мәдениет және спорт салаларында да ауқымды жұмыстар атқарылып жатыр. Мәселен, Сабынды ауылындағы мәдениет үйі күрделі жөнделсе, Қорғалжын ауылында жалпы құны 704 млн.теңге болатын заманауи дене шынықтыру-сауықтыру кешені пайдалануға берілді. Жалпы, аудан әкімдігі тұрғындардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған жұмысты кезең-кезеңімен жалғастырмақ.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ