ДИКТОР: Жыл басынан бері Жарқайың ауданында 3,5 миллиард теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндірілген. 700 мың гектар алқапқа дәнді-дақыл сіңірілді. Шаруаларды қолдау үшін жеңілдетілген несиелер берілді. Бұдан бөлек, ауданда инвестиция тартуға, мал шаруашылығы саласын және инфрақұрылымды дамытуға басымдық беріліп отыр. Мұның бәрі аудан экономикасын арттыруға ықпал етпек.
РКС: Мемлекеттік қолдаудың арқасында көктемгі дала жұмыстары мерзімінде аяқталды. Бұл маңызды фактордың бірі. Аудан аграрийлері жеңілдетілген қаржыландыру мен түрлі қолдау бағдарламаларын тиімді пайдаланды. Осының бәрі көктемгі егіс науқанын ойдағыдай аяқтауға зор ықпал еткені сөзсіз. Агроөнеркәсіп кешенімен қатар ауданда инвестициялық 8 жоба жүзеге асырылуда. Жалпы құны 2 миллиард теңгеден асады. Негізгі бағыт өндірістік базаны ұлғайту. Сонымен бірге ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін арттыру және жұмыс орындарын құру.
СНХ: ЕРБОЛ ЖҮСІПБЕКОВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл жобалар 100-ден астам жаңа жұмыс орнын ашуға және аудан экономикасының одан әрі өсуіне мүмкіндік береді. Барлық жобаларды пайдалануға беру ағымдағы жылдың үшінші және төртінші тоқсандарға жоспарланған. Мал шаруашылығы саласында Тасөткел ауылында ТОО «Темірлан» инвестициялық жобасы жүзеге асырылуда. Ағымдағы жылдың екінші тоқсанында кәсіпорын сүт бағытындағы 134 бас ірі қара мал сатып алды. Жоба сүт және сүт өнімдерін өндіру көлемін ұлғайтуға бағытталған. Нәтижесінде 5 жаңа жұмыс орнын құру жоспарланып отыр. Сонымен қатар ауданда үш астық сақтау қоймасы, мал шаруашылығы базасы, мал сою цехы және мехток салу, мешіт, балалар ойын-сауық орталығы жобалары жүзеге асырылуда.
РКС: Тұрғын үй құрылысына 194 миллион теңге инвестиция тартылды. 1300 шаршы метрге жуық баспана қолданысқа берілді. Бұл салада оң динамика байқалады. Деседе бұған дейін жарқайыңдықтар әлеуметтік осал топ санатына жататындарға берілген үйдің сапасына қатысты біраз сын айтқан еді. Солардың бірі Молодежный шағын ауданында орналасқан.
СНХ: ЕРБОЛ ЖҮСІПБЕКОВ, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: 9-шы үй бойынша жағдай түзетілді. Бұл тұрғын үй 2024-ші жылы қолданысқа берілген еді. Ол кезде мердігер «Мегастрой групп» болатын. Былтыр тұрғындар пәтерлерінің кілтін алды. Қыста шатырынан су аға бастады. Ауданның коммуналдық кәсіпорны ол кемшілікті қалыпқа келтірді. Бірақ пәтерлердегі мәселе шешілген жоқ. Шамамен 5-ші қабаттағы 10 пәтердей зардап шекті.
РКС: Аудан басшысы ол пәтерлердің бәрі дерлік толық жөнделгенін айтты. Тұрғындар тарапынан ешқандай шағым одан кейін түспеген.
ИНДИРА СҰЛТАНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ