ДИКТОР: Көкшетауда өткен дөңгелек үстел барысында медиация жолымен түрлі қақтығыстарды жою, ымыраға келу, өзара түсіністік таныту мәселесі қозғалды. Сондай-ақ этносаралық татулық жайы да сөз болды. Шараға кәсіби медиаторлар, №6 мекеменің қызметкерлері мен жазасын еңбекпен түзеу арқылы өтеп жатқандар қатысты.  

РКС: Қазақстан Конституциясында этносаралық келісім мен ұлтаралық татулық еліміздің ең қымбат құндылықтары ретінде бекітілген. Ата Заңның негізгі қағидалары мен арнайы баптары арқылы барлық этностардың теңдігі мен бейбіт қатар өмір сүруі заңмен қорғалады.Конституцияның 14-бабында «тегіне, әлеуметтік, лауазымдық және мүліктік жағдайына, жынысына, нәсіліне, ұлтына, тіліне, діни көзқарасына...» қарамастан, ешкімді ешқандай кемсітуге болмайтыны нақты жазылған,-деді өз сөзінде Ақмола облысы бойынша медиация Кеңесінің төрайымы Гүлнәр Мәдиева. Бүгінгі жиынның мақсаты да осы түсінікті санамен салмақтап, ұғындыру болды. 

СНХ: АСЫЛБЕК БАЯЖҰМА, САЯСАТТАНУШЫ: Келісім деген әлемдегі тұрақтылықтың негізі ғой. Қазақстан мемлекетінің де, Президенттің де басты саясаты осы. Әр түрлі қақтығыстардың барлығы осы келісімге келмеушіліктен болады. Бұл тек саясатқа ғана қатысты емес, әр түрлі мәдениеттердің өзара келісімге келуі. Әр түрлі ұлттар, азаматтардың өз арасындағы келісім еліміздің тұрақтылығының кепілі. 

РКС. Дөңгелек үстел басындағы диалогқа түрлі ұсақ қылмыс жасап, қазір жазасын еңбекпен түзетіп жатқандар қатысты. Басты мақсат ¬медиация арқылы түрлі кикілжіңді ретке келтіріп, қақтығыстарға жол бермеудің жолдарын табуды үйрету.  

СНХ ДИНАРА ЫСҚАҚОВА, ҚР ІІМ ҚЫЛМЫСТЫҚ-АТҚАРУ ЖҮЙЕСІ КОМИТЕТІ №6 МЕКЕМЕСІНІҢ БӨЛІМШЕ БАСТЫҒЫ: Біздің мекемеде 192 сотталған бар. Бұл мекеме төмен дәрежедегі қауіпсіз еңбек мекемесі болып саналады. 100 пайыз жұмыспен қамту шешімін тапқан. Жазасын өтеушілер «Еңбек-Көкшетау» кәсіпорындарында, қалалық нысандарда, коммуналдық салаларда жұмыс істейді. Сотталғандардың арасында ауыр қылмысқа барғандар, адамзатқа қастандық жасағандар немесе террористік бағытта әрекет еткендер, жасөспірімдерге зорлық көрсеткендер жоқ. 

РКС: Кәсіби медиатор болудың жолы келісімге келу деген сөз. Яғни жанжалдасып қалған қос тараптың бір мәмілеге келуіне ықпал ету. Сол арқылы қоғамда орын алатын түрлі түйткілді мәселелерді шешуге болады делінді дөңгелек үстел басында пікір алмасқандар. 

ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ