ДИКТОР: Үйлесімді іс-қимыл, кез-келген оқиғаның өрбуіне дайындық пен жедел әрекет ету. Арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының қатысуымен терроризмге қарсы ауқымды оқу-жаттығу жиыны өтті. Аталған жиын Көкшетау халықаралық әуежайы аумағында ұйымдастырылды. 1 Шілденің 17-де терроризмге қарсы күрес жөніндегі Ақмола облыстық жедел штабы Көкшетау қаласындағы әуежай аймағында антитеррорлық оқу-жаттығу жиынын өткізді. Оған арнайы мемлекеттік және құқық қорғау органдарының жеке құрамы мен арнайы техникасы жұмылдырылды. Оқу-жаттығу мейлінше шынайы оқиғалар жағдайында өтті. Жеке құрам өзінің дайындығын дәлелдеді. Практикалық іс-шара барысында қатысқан барлық қызметтің өзара іс-қимылы пысықталды. Оқу-жаттығу жиынының қорытындысы бойынша ұйымдастырушылар барлық бөлімшенің кәсіби дайындығының жоғары деңгейде екенін атап өтті. Үйлесімді іс-қимылдың нәтижесінде шартты бұзақылар бейтараптандырылып, ұсталды. Қатысушылар арасында зардап шеккендер болған жоқ.