ДИКТОР: Көкшетау қаласының тарихы 1824 жылдан бастау алады. Өңірдің өткені мен мәдени мұрасын танытатын басты орынның бірі Көкшетау қаласының тарихы музейі. Қаладағы ең көне ғимарат саналатын бұл нысан ғасырдан астам уақыт талай тарихи кезеңнің куәсі болған. Мұражайдағы бірегей жәдігерлермен тілшіміз Евгений Варанкин танысып қайтты.
РКС: Көкшетау өңірінің тарихы қазақ халқының ежелгі қоныстарымен тығыз байланысты. Қала іргесі қаланғанға дейін бұл аумақта Арғынның Атығай тайпасының Бағыс руы қоныстанған. Ресей империясының әкімшілік реформасы аясында 1824 жылы Көкшетау сыртқы округі құрылып, қазіргі қаланың негізі қаланды. Алғашқы аға сұлтан болып Абылай ханның ұлы Ғұбайдолла Уәлиханов сайланды. Сол кезеңнен бүгінге дейін сақталған сәулет ескерткіштері өте аз. Соның ең көнесі 1880 жылы бой көтерген Көкшетау қаласының тарихы музейінің ғимараты.
СНХ: АЛМАС ТЕМІРБАЙ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ МУЗЕЙІНІҢ ДИРЕКТОРЫ: Көкшетау қаласының тарихы тың тереңде. Бұл ежелден қазақтардың ата мекені. Абылай хандығынан кейін Көкшетау округі құрылған тұста осы Көкшетау қаласы салынғанға дейін бұл жерде Атығайдың Бағыс деген руының халқы тұрған. Көкшетау округінің құрамына 1828 жылы Атығайдың 11 болысы кірген және Қарауылдың Жауылбай Қарауыл және Қылды Қарауыл болысы кірген. Қарауылдың тағы 4 атасы – Атқы, Жауар, Мөлтік, Сары деген төрт болысы ол заманда Ұшпыла округіне қараған. Қаламызда сол заманнан бері сақталып қалған ғимараттар өте аз. Қаламыздағы ең ескі ғимарат осы біздің музейдің ғимараты 1880 жылы салынған.
РКС: Екі ғасырға жуық тарихы бар Көкшетау талай тарихи кезеңді бастан өткерді. Патшалық Ресей дәуірі, кеңестік кезең, тәуелсіздік жылдары – осының бәрі қала келбетіне із қалдырды. Сол өзгерістердің үнсіз куәсіне айналған көне ғимараттың бірі – бүгінде Көкшетау қаласының тарихы музейі орналасқан нысан. Мұражайда қаланың әр кезеңінен сыр шертетін мыңдаған тарихи жәдігер жинақталған.
СНХ: РУСЛАН МАҚАШЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫНЫҢ ТАРИХЫ МУЗЕЙІНІҢ ҚЫЗМЕТКЕРІ: Бұл ғимарат 1880 жылы салынған және Көкшетау қаласында бүгінге дейін сақталған ең көне ғимарат болып саналады. 1889-1905 жылдары мұнда Куйбышевтер отбасы тұрған. Кейін балалар үйі, екінші дүниежүзілік соғыс жылдары госпиталь штабы орналасқан. 1949 жылдан 2000 жылға дейін Куйбышев музейі болды. Ал 2000 жылдан бері бұл Көкшетау қаласының тарихы музейі. Қорымызда 17 мыңға жуық экспонат бар. Жәдігерлердің басым бөлігін қала тұрғындары сыйға тартқан. Көкшетауға келген шетелдік қонақтар да алдымен музейге келіп, өңірдің тарихы мен мәдениетімен танысады.
РКС: Музей қорындағы ең құнды жәдігерлердің қатарында 1829 жылы құйылған қазан, Сырымбет ауылынан әкелінген қарағаштан жасалған 1920 жылғы кебеже және мемлекет қайраткері Валериан Куйбышев мінген 1932 жылғы Cadillac автокөлігі бар. Бұл көлік музей қорында 1949 жылдан бері сақтаулы. Сонымен қатар мұнда қала тарихына қатысты сирек фотосуреттер, құжаттар, тұрмыстық бұйымдар мен этнографиялық жәдігерлер де қойылған. Музей қорындағы жәдігерлер саны жыл сайын артып келеді. Тарихи маңызы бар бұйымдарды жергілікті тұрғындар өз еркімен музейге тапсырады.
БЛИЦ:
- Өз қаламның тарихын білемін. Мен осы Көкшетау қаласында туғаннан бастап тұрамын. Мысалы, айта кететін болсақ, Көкшетаудың ең алғашқы аға сұлтаны Ғұбайдолла Уәлиханов болған. Қазіргі тілмен айтқанда ең алғашқы әкімі.
- Историю города, к сожалению, не знаю. А так наш город был основан в 1824 году, это я точно знаю. У нас город очень спокойный, культурный, хоть и маленький. Много есть мест очень хороших. Город очень приятный, комфортный.
- Көкшетау қаласы туралы анам арқылы естідім, содан қызығып келдім осы қалаға. Көкшетау қаласы өте жақсы дамып жатыр. Басқа қалалардан қарағанда тыныш.
РКС: Көкшетау қаласының тарихы музейі өңірдің өткені мен бүгінін жалғап тұрған мәдени мұра ордасы. Мұнда сақталған мыңдаған жәдігер қаланың қалыптасу кезеңінен бастап бүгінгі күнге дейінгі тарихынан сыр шертеді. Сондықтан бұл музей туристер үшін ғана емес, туған өлкенің тарихын танып-білгісі келетін әрбір тұрғын үшін де маңызды мәдени орын саналады.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САБЫРБЕК ШЕРИЯЗДАНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ