ДИКТОР: Облыс әкімі Марат Ахметжанов жұмыс сапарымен Есіл ауданында болып, жергілікті тұрғындармен және аграршылармен кездесті. Өңір басшысы маңызды нысандарда жүргізіліп жатқан жаңғырту жұмыстарының барысын да бағамдады.
РКС: Есіл ауданында ауыл шаруашылығын дамытудың қарқынын үдете түсуді жолға қоймақшы. Онда «Игілік» және «Береке» атты жеңілдетілген жаңа бағдарламалар іске қосылған. Жергілікті бизнес оған өтінімдер беріп жатыр. Бұл ретте мемлекеттік қолдау мен субсидияны тек тиіммді шаруашылықтар ғана алуы тиіс. Аймақ басшысы жер халық игілігіне қызмет етуі қажет,-деп атап өтті. Ал үкіметтен қыруар көмек алып, бірақ, төмен шығымдылық көрсеткен жер телімдері мемлекет меншігіне кері қайтарылып алынатын болады.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Әрине, бұл жерде қазірде осындай жақсы-жақсы жетістіктері, бұл осы алып отырған қожалықтар бар, бұл өзіне берілген ақшаны тиімді, мақсатты жұмсап, жақсы нәтиже жасап отқан. Бірақ та осы міне жақсы өнім алатындары бар, ал енді қасында отырып 4-5 центнерден алатын қожалықтар бар. Ол енді болмайды. Мен де айтайын, ол жаңағы Конституцияға байланысты, қазіргі таңда осы жерді дұрыс пайдалану керек, жерді игеру керек, жер халыққа хызмет жасау керек. Сондықтан қазіргі егер жаңағыдай дұрыс мақсатсыз берген қаражатты нәтижесі болмаса, тиімді болмаса, осындай жерді қайтару мәселесін біз повесткаға қойып отырмыз.
РКС: Тұрғындармен ашық диалог барысында әлеуметтік инфрақұрылым жайлы да әңгіме өрбіді. Өңір басшысы аудандық Мәдениет үйін аралап көріп, ғимаратқа айтарлықтай өзгеріс қажеттігін айтты. Тұрғындардың шығармашылықпен айналысуы үшін және жөндеу жұмыстарына қосымша қаржы бөлінетін болды.
СНХ: МАРАТ АХМЕТЖАНОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫНЫҢ ӘКІМІ: Бұл ғимаратқа бұрын да бір келіп кеткенбіз, айтарлықтай өзгеріс жоқтығы байқалады. Мәдениет үйі адамдардың мәдени, шығармашылық ордасы ғана емес, бір-бірін біріктіретін де орын. Сіздер жобалық-сметалық құжаттарды дайындап қойғандарыңызды білеміз, сондықтан қажетті қаржы бөлеміз деп шештік. Барлығын заманауи үлгіде, соңғы жарақтандыру құралдарымен жасайды деген сенімдеміз.
РКС: Өңір басшысы былтыр күрделі жөндеуден өткен Есіл қаласындағы балалар мен жасөспірімдер спорт мектебіне де барды. Мұнда материалдық-техникалық база жаңартылып, футбол, бокс, күрес және тағы басқа спорт түрлерімен жаттығуға барлық жағдай жасалған. Ұжыммен кездесу барысында облыс әкімі балалардың жарысқа қатысуына және жаттығу жиындарына қажетті жаңа микроавтобустың кілтін табыс етті.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: НҰРЛЫХАН ӘБІЛҒАЗИН, БАПКЕР: Бізде спорттың бокс түрі ерекше дамыған. Біз бұл спорт кешенінде 6 жылдан бері жұмыс істеп келеміз және тұрақты түрде республикалық жарыстарға, облыс және ел чемпионаттарына қатысамыз. Аталған спорт түрінен жеңімпаздарымыз бар. Осы алты жыл ішінде үш спорт шеберлігіне кандидаттар өсіп шықты. Әлі де табысқа жетеміз деген ойдамыз, оған қажетті барлық жағдайлар жасалған.
РКС: Облыс әкімі Марат Ахметжанов сонымен қатар Есілдегі теміржол вокзалын жаңғырту жұмыстарымен де танысты. Басты құрылыс жұмыстары аяқталып, коммуникация желісі тартылуда. Жұмысшылар ішкі әрлеу жұмыстарымен айналысып жатыр. Жаңарған вокзал халыққа ыңғайлы және қауіпсіз болмақ. Онда медициналық пункт, балалары бар жолаушыларға арналған бөлме, мүмкіндігі шектеулі адамдарға арнаулы жеделсатылар, көтергіштер мен белгілер қойылады.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, КАРИНА СУЛЕЙМАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.