ДИКТОР: Көкшетауда Street Workout бойынша жазғы чемпионат маусымы ашылды. Дода көше спортын дамытуға серпін беріп, жастарды салауатты өмір салтына баулуды мақсат етеді. Биылғы чемпионатқа Астана, Алматы, Қарағанды, Петропавл қалалары мен Ақмола облысынан, сондай-ақ Польшадан келген 120-ға жуық спортшы қатысты. 

ИНТЕРШУМ: 

РКС: Соңғы жылдары Ақмола облысында Street Workout спортын дамытуға ерекше көңіл бөлінуде. Жыл сайын жазғы маусымда 5-6 ірі жарыс ұйымдастырылып, спортшылардың шеберлігін шыңдауға мүмкіндік жасалады. Өңір спортшылары халықаралық турнирлерде де тұрақты түрде бақ сынап жүр. Бүгінде олардың қатарында Street Workout бойынша Еуропа және Азия чемпиондары бар. 

СНХ: ИМРАН ИБРАГИМОВ, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ БОЙЫНША STREET WORKOUT ҚОЗҒАЛЫСЫНЫҢ ЖЕТЕКШІСІ: Өзім Street Workout бойынша халықаралық дәрежедегі спорт шеберімін. Көше бағытын белсенді түрнде алға жыжытуға күш салып жатырмыз. Спорттың бұл түрі жастардың бос уақытын тиімді өткізіп, салауатты өмір салтын ұстануына мүмкіндік береді. Street Workout-пен айналысуда жасқа да, салмаққа да қатысты шектеу жоқ. Ең бастысы – ниет пен тұрақты жаттығу. Ал бүгін қатысушылар тек жас ерекшеліктеріне қарай сынға түсіп жатыр. 

РКС: Қатысушылар алты номинация бойынша бақ сынады. Бағдарламада фристайл, база және мультилифтинг бағыттары қарастырылған. Спортшылар база санатында тартылудан шеберлігін көрсетсе, мультилифтингте қосымша салмақпен тартылу және кермеде итерілу жаттығуларын орындады. Ал фристайл санатында күрделі элементтерді орындау шеберлігі бағаланып, әр қозғалысқа берілген ұпайлар қосындысы арқылы жеңімпаз анықталды. Сондай-ақ қыздар мен ардагерлер арасында да арнайы сайыстар ұйымдастырылды. 

СНХ: СНХ: НҰРТАС БЕКТҰРҒАН: ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (КӨКШЕТАУ): Мен 10 жасымнан бастап Street Workout спортымен айналысамын. Күреспен айналысқанмын, қазақша күрес, вольная борьба, ММА 2 года. Үлкен соревнованиядан стрит воркаут спортымен Өзбекстанның Андижан қаласында болдым. Бұл жарыстар жылда жылда өтеді. Бірінші жазда сезонның ашылуы. Күз басталғанда сезонның жабылуы болады. Қыста да солай, ашылуы сезонның және жабылуы. Бұл спорттың түрі маған неге ұнайды? Өйткені, бұл спортта адреналин болады. Адам өзін күштірек сезінеді. Жай адамға қарағанда қабілетіміз көп болады, сальто жасай аламыз, секіре аламыз, физикалық тұрғыда күшіміз көбірек болады. Өз денемізді жақсырақ сезініп, денеміз шымырланып жүреміз.

РКС: Чемпионатқа шетелдік қатысушылар да келді. Солардың бірі – Польша мемлекетінің атынан сынға түскен Никита Бойко. Ол 13 жасына дейін Қазақстанда тұрған. Балалық шағы өткен елге қайта оралып, жарысқа қатысу мүмкіндігіне ие болғанына ерекше қуанышты.

СНХ: НИКИТА БОЙКО, ЖАРЫСҚА ҚАТЫСУШЫ (ПОЛЬША): Мұнда менің көптеген достарым бар. Жарыс барысында көрсетіліп жатқан ерекше қолдау маған үлкен әсер қалдыруда. Бұл жер маған өте ұнайды. Калистеникамен алты жылдан бері айналысып келемін. Жарыста барлық қатысушыға бірдей талап қойылып, төрешілер әділ бағалау жүргізеді. Мен осы спорт түрінің дамуына өз үлесімді қосып, оның жаңа деңгейге көтерілуіне қолдау көрсеткім келді. Польшадан спортшылар мұндай жарыстарға жиі келе бермейді. Сондықтан Қазақстандағы додаға Польшаның атынан қатысып отырғаныма қуаныштымын.

РКС: Чемпионат қорытындысына сәйкес жеңімпаздар бірнеше бағыт бойынша анықталды. Фристайл санатында бірінші орынды Владислав Лукин иеленсе, екінші орын Никита Бойкоға, үшінші орын Рамиль Хисамутдиновке бұйырды. Абсолютті категорияда үздіктер қатарынан Алексей Афанасьев, Марлен Амрин және Дамир Абдрахманов көрінді. База бағыты бойынша қатысқандар жас ерекшеліктеріне қарай 12-18 жас, 18-23 жас және 23-40 жас аралығындағы санаттар бойынша анықталды. Қыздар арасында 16 мен 23 жас санатында Валерия Дмитриева жеңімпаз атанса, 23 жастан жоғары әйелдер арасында Матильда Бачурина мен Ксения Жұмаева үздік нәтиже көрсетті.  

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ