ДИКТОР: Ерейментауда «Таза су айдыны» экологиялық акциясы аясында 200-ге жуық тұрғын Темірбұлақ бұлағының аумағын тазартуға жұмыла кірісті. «Таза Қазақстан» республикалық жобасы аясында ұйымдастырылған игі шараға мектеп оқушылары мен аға буын өкідері белсене атсалысты.
РКС: Сенбілік барысында су жағалауы күл-қоқыстан тазартылып, бұлақ маңы ретке келтірілді. Табиғатқа жанашырлық танытқан тұрғындар ағаш көшетін отырғызып, гүл егіп, игі іске үлес қосты.
СНХ: ЕРБОЛАТ ШАХАТОВ, АУДАН ТҰРҒЫНЫ: Қазағымыздың мақалы бар ғой – «Бұлақ көрсең, көзін аш» деген. Сол мақалымыздың жалғасын тауып, мінекей, қала тұрғындары бұлағымызды тазалап, сондай шаруалар жүргізіп жатыр. Бұл тек тазалықтың нышаны емес, келер ұрпаққа тәрбие. Келесі ұрпаққа Қазақстанды тазалықта жеткізсе екени деген ниетпен мәні бар шара.
РКС: Акцияға аға буын өкілдерімен қатар «Жасыл ел» жастар экологиялық жасағының мүшелері де қатысты.
СНХ: НҰРЛАН МҰҚАТОВ, ЕРЕЙМЕНТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Су өмірдің ең басы ғой. Сондықтан «Таза Қазақстан» аясында, жалпы тек бұлақтарды тазарту емес, осы қағидатпен өзіміз жаңарып, өзіміз тазару керекпіз. Ниетіміз де таза болуы керек.
РКС: Табиғатты аялау - ортақ жауапкершілік. Мұны жергілікті тұрғындар жақсы түсінеді. Сондықтан олар алдағы экологиялық бастамаларға да белсене қатысуға ниетті.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, КӨКШЕ АҚПАРАТ