ДИКТОР: Ақмола облыстық дзюдо федерациясы қоғамдық бірлестігінің жаңа президенті тағайындалды. Арнайы шараға облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы мен аймақтың үздік спортшылары, жаттықтырушылар қатысты. Әріптесім Лаура Елубаева баяндайды.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Ақмола облыстық дзюдо федерациясы қоғамдық бірлестігінің президенті болып Қазбек Бөкешев тағайындалды. Жиынға қатысушылар жаңа басшыға сәттілік тілеп, дзюдо спортының өңірде одан әрі дамуына сенім білдірді.
СНХ: АРДАҚ ТӨЛЕНДИН, ОБЛЫСТЫҚ ДЕНЕ ШЫНЫҚТЫРУ ЖӘНЕ СПОРТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Олимпиадалық спорт түрлерін, федерациясын жаңартып, оларға жаңа бағыт қойып, жаңа мақсат қойып сондай жұмыс жүргізіліп жатыр. Бүгінгі күні өкінішке орай бір ғана спортшы ересектер арасында Қазақстан құрама командасында бар. Сол жұмысты әрі қарай жалғастырып, өзіміздің аудандарда дзюдо күресін әрі қарай дамытып, дзюдо федерациясының алдына осындай мақсат қойылып отыр.
РКС: Қазбек Балтабайұлы - дзюдо, самбо және қазақ күресін жетік меңгерген спортшы. Жаңа президент алдағы уақытта жас спортшыларды қолдауға және халықаралық деңгейдегі нәтижелерді арттыруға ерекше көңіл бөленітін жеткізді.
СНХ: ҚАЗБЕК БӨКЕШЕВ, ОБЛЫСТЫҚ ДЗЮДО ФЕДЕРАЦИЯСЫ ҚОҒАМДЫҚ БІРЛЕСТІГІНІҢ ПРЕЗИДЕНТІ: Дзюдо жаттықтырушыларында өздернің пландары бар. Соларды қазір қараймыз, реттейміз. Жаттықтырушылармен бірге федерация жұмыс істеп, ертең Ақмола облысымызды көтерейік, биіктен көрінсін деген мақсаттарымыз бар. Спорт түрлерімен біз 2013 жылдан бастап "Еремен күрес" спортивный клуб ашқанбыз. Міне, 13 жыл болды Ерейментау ауданының спортшыларына, дзюдошыларына көмек беріп, жұмыс істеп жатырмыз.
РКС: Сонымен қатар, жиын барысында облыстық дзюдо федерациясы қоғамдық бірлестігінің вице-президенті болып Ерден Елеулов пен Рүстем Османов тағайындалды.
ЛАУРА ЕЛУБАЕВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ