ДИКТОР: Жаз мезгілінің басталуымен өңірдегі мектеп жанындағы жазғы лагерьлер өз жұмысын бастады. Биыл Ақмола облысында 20 мыңға жуық бала жазғы сауықтыру және демалыс бағдарламаларымен қамтылмақ. Тілшіміз Евгений Варанкин айтсын.
STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Көкшетау қаласындағы №20 мектеп-гимназиясының жанындағы жазғы лагерь өз жұмысын маусымның бірінде бастады. Жалпы, екі аусымға созылатын лагерьге 200-ден астам бала қатысады.
СНХ: ЛӘЗЗАТ АХМЕТОВА, №20 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫ ЖАНЫНДАҒЫ ЖАЗҒЫ ЛАГЕРЬДІҢ ДИРЕКТОРЫ: 1-і мен 12-ші маусым аралығында бірінші кезең, 15-26-шы маусым аралығында екінші кезең жұмыс жасайды. Осы екі аралықта толық жоспар құрылғын. Күнделікті балаларға спорттық үйірмелер, аптасына 3 рет бассейнге барады. 40 баладан барады әр барған сайын. Музейге барып жатырмыз. Өткен аптада театрдан қойылым қойды келіп. Саяхатқа шығып жатырмыз, жағалауға саяхаттап келдік. Осында жұмыстар күнделікті атқарылып жатыр.
РКС: Мектептің жазғы сауықтыру алаңында тоғыз түрлі үйірме жұмыс істейді. Олардың қатарында ағылшын және орыс тілі, музыка, қолөнер, би және робототехника бағыттары бар. Әр топта 25-27 баладан қатысуда. Мұнда оқушылар демалып қана қоймай, жаңа білім мен дағдыларды меңгере алады.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: ӘДІЛҚАСЫМ ҚАСЫМ, №20 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Мен 1-ші маусымнан лагерге барып жүрмін. Біз лагерде көп қызықты ойын ойнаймыз, мұражайға бардық. Бір жұмада бассейнге барамыз.
СНХ: ӘМИНА АХМЕТҚАЛИЕВА, №20 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Мен лагерді жақсы көремін. Мұнда көп спорттық ойындар. Мен танцымен айналысамын, вокалмен. Маған жазғы лагер қатты жақсы ұнайды.
СНХ: ЖАЗИРА СҰЛТАН, №20 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ ОҚУШЫСЫ: Маған лагерь өте ұнайды. Ол өте керемет. Мұнда өте көп үйірмелер, робототехника. Біз бассейнге және музейге бардық.
STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Жазғы лагерьде балалар мектеп ішіндегі қолөнер және робототехника сынды үйірмелерге қатысады. Бұдан бөлек, балалар ата-аналарымен бірге түрлі іс-шараларға да қатысып жүр.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Жалпы, облыстағы мектеп жанындағы лагерьлер балалардың жазғы демалысын мазмұнды өткізуге бағытталған. Мамандардың айтуынша, мұндай алаңдар оқушылардың шығармашылық қабілетін дамытып, жаңа достар табуына және бос уақытын тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік береді.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ