ДИКТОР: «Таза су айдындары» экологиялық акциясына Егіндікөл ауданының 70-ке тарта тұрғыны қатысты. Олар Егіндікөл ауылының маңындағы көлдің жағалауын тұрмыстық қалдықтардан тазартты. Экологиялық шараға өңірдің белсенді жастары, мемлекеттік мекемелердің қызметкерлері,, волонтерлер, «Жасыл ел» еңбек жасағының мүшелері мен аудан әкімі Юрий Курушин де қатысты. Акция барысында тазалыққа бей-жай қарамайтын тұрғындар 50 қаптан астам қоқыс жинап, шығарды. Қатысушылардың бірлескен күш-жігерінің арқасында жағалаудың санитарлық жағдайы айтарлықтай жақсарып қалды. Аудан басшылығы тұрғындар «Таза Қазақстан» республикалық экологиялық бастама аясында тұрғындар су қоймасына ерекше қамқорлық жасап жүргенін ерекше атап өтті. Мұндай шаралар тұрғындардың экологиялық санасын арттырып, қоршаған ортаны сақтауға жауапкершілігін арттырары сөзсіз. Сонымен қатар игі бастама өскелең ұрпақты табиғатты құрметтеуге баулиды.