ДИКТОР: Соңғы екі жылда Зеренді ауданында су құбыры желілерінің құрылысы мен қайта жабдықтауына байланысты 12 жоба жүзеге асырылды. Ауыл халқы сапалы ауыз суға жарыды. Аудандағы елдімекендерді абаттандыру ісі де қатар жүріп жатыр. Азаматтардың әлеуметтік осал тобына жататындар үшін баспана салынып, маңызды туристік жобалар жүзеге асырылуда.
РКС: Жаңа желінің ұзындығы 120 шақырымнан асады. Оған қосымша шағын ауылдарда су тазартатын блокты-модульді 19 кешен орнатылды. Бұл жұмысқа 475 миллион теңге бағытталған. Бұдан бөлек, Зеренді ауылында сумен жабдықтау жүйесін жаңартуға байланысты жеке-дара жоба жүзеге асырылуда.
СНХ: ӘСЕТ ҚҰРМАНҒОЖИН, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Зеренді ауылында су жүйесін жаңғырту жобасы іске асырылуда. Жоба аясында 75 текше метрлік су мұнарасы 160 текше метрлік жаңа мұнараға ауыстырылып, қосымша екі резервуар және аудандық аурухана аумағында тағы бір су мұнарасы орнатылуда. Жобаға 100 млн. қарастырылған. Сонымен қатар, Гранитное ауылында құны 17 миллионов құрайтын су мұнарасын дайындау және монтаждау жұмыстары жүргізілуде. Сондай-ақ Жолдыбай ауылында құны 27,2 миллион болатын су мұнарасын ауыстыру жобасы іске асырылуда.
РКС: Былтыр ауданда 14 балалар мен спорт алаңы орнатылды. Биыл бұл мақсатқа 250 миллион теңгедей бөлінді. Жылдың аяғына дейін елдімекендерде жаңа 17 спорттық-ойын аймағы пайда болады. Екеуі қолданысқа берілді. Бұдан бөлек, ауданда көшелердегі жарық желілері жаңартылуда. 1 ауылда мамандар жұмысты бастап кетсе, бесеуінде жоба аяқталды. Тұрғын үй құрылысы да ауданда басым бағыттың бірі.
СНХ: ӘСЕТ ҚҰРМАНҒОЖИН, ЗЕРЕНДІ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Тұрғын үймен қамтамасыз ету бағытында әлеуметтік осал санаттағы азаматтарды қолдау жалғасуда. Зеренді ауылында 75 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді, оның 71 пәтері сатып алынды. Бүгінгі күнге дейін 61 пәтердің кілті табысталды. Сонымен қатар Шағалалы ауылында әлеуметтік осалтоптарға арналған 10 екіпәтерлі тұрғын үйдің құрылысыжүргізілуде. Құрылыс жұмыстары аяқталғаннан соң, үйлерді сатып алуға аудандық бюджеттен 500 млн.-нанастам қаражат қарастырылды.
РКС: Зерендіде құны бір миллиард теңгенің тарихи-өлкетану музейі салынып жатыр. Нысан 80 процент дайын. Өңірде жұмыс істеп тұрған туристік нысандар ғимараттарын кеңейтуде. «Парус» және «Family Park» демалыс орындарында жаңа қонақ үй орындары мен кешендері салынуда. Зеренді көлінің жағалауын абаттандырылады. Бұл ең ірі жобаның бірі. Оның құны бір миллиард теңгеге жуық.
ИНДИРА СҰЛТАНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, ТЕМІРЛАН СӘЛІМОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ