ДИКТОР: Жыл басынан бері өңірде мас күйінде көлік тізгіндеген 800 азамат жүргізуші куәлігінен айырылды. Жол қауіпсіздігіне тікелей әсер ететін бұл мәселе құқық қорғау органдарының ерекше бақылауында. Полиция қызметкерлері құқық бұзушылықтардың алдын алу мақсатында жолдарда түсіндіру жұмыстарын жүргізіп, профилактикалық іс-шаралар ұйымдастыруда. Аймақтағы ахуал мен қабылданып жатқан шаралар жайында тілшіміз баяндайды. 

РКС: Ішімдік ішіп алып, көлік тізгіндеу – жолдағы ең қауіпті құқық бұзушылықтың бірі. Кей жүргізушілер азғантай ғана масаңдық ештеңе етпейді деген жаңсақ пікірде. Бірақ, жолда жіберілген бір ғана қателік орны толмас өкінішке себеп болуы мүмкін. Өңірде мас күйінде көлік басқарудың салдары әлі де тыйылар емес. Жыл басынан бері осындайлардың кесірінен 23 жол-көлік оқиғасы тіркелген. 

СНХ: АСХАТ ШӘЙКЕНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКІМШІЛІК ПОЛИЦИЯСЫ БАСҚАРМАСЫНЫҢ ЕРЕКШЕ ТАПСЫРМАЛАР ЖӨНІНДЕГІ АҒА ИНСПЕКТОРЫ: Көлікті тізгіндеген кезде жүргізушінің әрекеті әртүрлі болуы мүмкін. Бірде жолақтан ауытқып, бірде негізсіз маневрлер жасайды. Мұндай мінез-құлық күдік тудырады. Егер жүргізушінің іс-әрекетінде күмәнді белгілер анықталса, ол көлік басқару құқығынан уақытша шеттетіледі. Осыған байланысты тиісті тәртіпте көлікті басқарудан шеттету туралы хаттама толтырылады. 

РКС: Жыл басынан бері 7 мыңнан астам медициналық куәландыру жүргізілді. Аталған рәсім мемлекеттік стандарттардың талаптарына сәйкес, білікті медициналық мамандардың қатысуымен өтеді. Мамандар құрылғы көрсеткіштеріне ғана сүйеніп қоймай, азаматтардың жағдайын жан-жақты бағалайды. 

СНХ: МУСЛИМ ЗАГИРОВ, НАРКОЛОГИЯЛЫҚ ҚЫЗМЕТТІҢ БАСШЫСЫ: Медициналық қорытынды құрылғы көрсеткіштеріне ғана негізделмейді. Дәрігер адамға қатысты деректерді кешенді түрде бағалайды. Оның жағдайын, зертханалық талдау нәтижелерін және куәландыру жүргізілген жағдайларды ескереді. Кейбір тағам өнімдері немесе дәрілік препараттардың әсерінен қысқа мерзімді ауытқулар болуы мүмкін. Бірақ, куәландыру барысында мұндай қателіктерді болдырмауға мүмкіндік беретін бақылау тетіктері қарастырылған. Сондықтан түпкілікті медициналық қорытынды барлық дерек жан-жақты сарапталғаннан кейін ғана шығарылады.

СНХ: АЗАМАТ САЛЫҚОВ, МЕДИЦИНАЛЫҚ КУӘЛАНДЫРУ ДӘРІГЕРІ: Тәулігіне орта есеппен мас күйінде көлік басқарған 1-2 жүргізуші жеткізіледі. Медициналық куәландырудан өткен азаматтардың 60-70 проценті мас күйде екені расталады.

РКС: Қолданыстағы заңнамаға сәйкес, жүргізуші медициналық куәландырудан өтуден бас тартуға құқылы. Мұндай жағдайда ол жүргізуші куәлігінен 8 жылға дейін айырылады. Тәжірибелі автокөлік жүргізушілері мұндай жағдайларға тап болмаудың ең тиімді жолы – жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау және мас күйінде рөлге отырмау екенін айтады.

БЛИЦ:

- Заңға байланысты машинада рульде жүрген кезде арақ ішімдік ішпеу керек. Арақ ішімдік ішетін болсаң жол апатына ұрынуы мүмкін. Сондықтан өзімізге сақ болуымыз керек. Арасында, мысалы, стоянкада машинаны қойғанда дұрыс жетіге қою керек. Дұрыс жетіге қоймасаң, штрафтар келеді. Ал ол штрафтар келгенде енді өзіміз ойлаймыз ғой, штраф бізге келіп отыр деп. Негізінде оның бәрі ереженің бәрін бұзбай, рульде дұрыс отырып, ішімдік ішпей. Өз өзімізге ұқыпты болуымыз керек.

- Я думаю не надо отказываться от экспертизы. И не садиться за руль пьяными. И нужно соблюдать правила дорожного движения!

РКС: Оқиғаның алдын алу оның салдарымен күрескеннен әлдеқайда жеңіл. Құқық қорғау органдары жол-көлік оқиғаларының алдын алуға ерекше басымдық беруде. Оқиғаның алдын алу оның салдарымен күрескеннен әлдеқайда жеңіл. Облыс жолдарында түнгі патрульдеу, тас жолдарда жаппай тексерулер және түсіндіру жұмыстары жүргізілуде. Мас күйінде көлік тізгіндеген жүргізуші өзіне ғана емес, жол қозғалысына қатысатын барлық азаматтың өміріне қатер төндіреді.

ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.