ДИКТОР: Біржан сал ауданында мектеп оқушылары үшін тілдік жазғы лагерь жұмыс істеп тұр. Онда балалар ағылшын тілін ойындар, квесттер және тілді жетік меңгерген жандармен әңгімелесу арқылы оқып жатыр. Жазғы тілдік лагерьде балалар демалысты табиғи тілдік ортала шет тілінде сөйлесу дағдысын жетілдіруді қатар ұштастыруда. Бұл жолғы ерекше ауысым қалай өтіп жатыр? Тілші айтсын. 

РКС: Мектептегі әдеттегі сабақтардың орнына – интерактивті оқу, шығармашылық тапсырмалар мен командалық ойындар. Оқұушылар күн сайын ағылшын тілінде еркін сөйлейтін шетелдік оқытушылармен тілдеседі. Лагерьдің басты ерекшелігі де осында. Мұндай формат тілдік кедергіні тезірек еңсеруге көмектеседі. Балалармен әр мемлекеттен келген педагогтер жұмыс істейді. Солардың бірі Нигериядан келген мұғалім - Дженнифер Николас. 

СНХ: ДЖЕННИФЕР НИКОЛАС, ШЕТ ТІЛІН ОҚЫТУШЫ: Біз балалардың қабылеті мен талантын ашуға жәрдемдесу мақсатында жазғы лагерь өткізіп жатырмыз. Мұнда танымдық және дамуға арналған ойындар ұйымдастырылған. Соның арқасында балалар оқуды, жазуды үйрене отырып, бір мезетте уақыттарын тиімді өткізеді. Балғындармен педагогтар, тәлімгерлер мен жолбасшылар жұмыс істейді. Балалар ойындарға белсене қатысуда. Бүгін ауысымның соңғы күні. Өзіміз де керемет әсер алдық, келер жолы бұдан көп қатысушы болады деп үміттенеміз. 

РКС: Лагерьдегі оқу мектептегі дәстүрлі сабақтарға қарағанда өзгеше,-дейді қатысушылар. Ұдайы тілдесу тәжірибесі шет тілін тезірек меңгеруге және күнделікті жағдайда ағылшын тілін еркін пайдалануға көмектеседі. Кира Энтина лагерьге Астанадан келіпті. 

СНХ: КИРА ЭНТИНА, ДЕМАЛУШЫ: Бұл жерде мен ең үздік тәлімгерлерді жолықтырдым.Бұған дейін өзге лагерьлерде демалдым, бірақ, бұл жолғы сапарым ұзақ уақыт есімде сақталып қалары сөзсіз. Мұнда ағылшын тілін оқып жатырмын. Өзге балалармен ағылшын тілінде сөйлестім. Ең бастысы мұнда сабақ мектептегідей өтпейді. Білім ошағында ағылшын тілін білетін мұғалімдлер сабақ берсе, мына жерде сол тілде емін-еркін сөйлейтін мамандар, сондықтан ағылшын тілін үйрену, сөйлесу жеңілдеу. Бұл лагерьге 10 деген баға берер едім. Жаңа көп дүние үйрендім. Осы лагерьдің арқасында көптеген жаңа дос таптым. 

РКС: Балалар лагері жекеменшік мәртебесіне қарамастан, жақын маңдағы ауылдармен белсенді ынтымақтастықта. Үлгі ауылының балалары үшін мұнда қайырымдылық шаралары жиі өткізіліп тұрады. Балаларды қорғау күніне орай мерекелік концерт ұйымдастырылып, лагерьде тегін демалу мүмкіндігі ұсынылды.  

СНХ: РЫСЖАН ӘБЖАНОВА, ҮЛГІЛІ АУЫЛДЫҚ ОКРУГІНІҢ ӘКІМІ: Маусымның 1-де Үлгілі ауылдық округінің балалары үшін ашық есік күнін ұйымдастырдық.Сол тұстағы балалардың жанарындағы қуанышты көрсеңіз ғой. Олар таңертеңгі 10-нан кешкі 4-ке дейін болды. Тіпті шара аяқталған соң да біразға дейін тарқамады. Концерттік бағдарлама, ойындар ұйымдастырылды. Мынадай арнайы қызыл телпектер сыйға тартылды. Таза ауада тамақтандырды, тіпті бауырсақ та пісірілді. Әрине балалар үшін ең тәтті балмұздақ таратылды. Балалардың алған әсерін сөзбен айтып жеткізу мүмкін емес. Рахмет көп. Үлгілі ауылдық округінің аумағында осындай лагерьдің бар екенін балаларға көрсеткіміз келді. 

РКС: Табиғи ортадағы тілдік тәжірибе балалардың оған қатысты кедергілерді тезірек еңсеруіне жәрдемдеседі дейді ұйымдастырушылар. Сонымен қатар қарым-қатынаста сенімділік ұлғайып, қабілетін барынша ашуға ықпал етеді. Осындай бастамалардың арқасында ауыл оқушылары да жазғы демалысты пайдалы өткізе алады. 

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ