ДИКТОР: Жазғы демалыс балалар үшін қызыққа толы кезең. Бірақ дәл осы уақытта қауіп те көбейеді. Су жағасындағы абайсыздық, күннің өтуі, өрт қауіпсіздігін сақтамау немесе жолдағы тәртіпсіздік - бәрі де қайғылы жағдаймен аяқталуы мүмкін. Осындай оқиғалардың алдын алу үшін Жарқайыңда «Қауіпсіз жаз» атты ауқымды профилактикалық шара ұйымдастырылды. Мамандар балаларға қауіптен қорғанудың қарапайым, бірақ маңызды жолдарын көрсетті.

РКС: Шара барысында мамандармен оқушыларға судағы қауіпсіздік, өрттің алдын алу, санитариялық талаптарды сақтау, құқықтық жауапкершілік пен төтенше жағдай кезінде әрекет ету тәртібі түсіндірілді. 

ИНТЕРШУМ: СНХ: ГҮЛШАТ НҰРПЕЙІСОВА, ЖАРҚАЙЫҢ АУДАНДЫҚ БІЛІМ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Міне жазғы демалыс та келіп қалды. Бұл балалар үшін өте маңызды кезең болғанмен де, үлкендер үшін алаңдатарлық жағдайлар көп. Оңың барлығы жан-жағымыздағы балаға деген төніп тұрған қауіп қатерлер. Өрт болсын, су болсын, кене, жылан, бұлардың барлығынан біз балаларды қорғауға тырысуымыз керек. 

РКС: Іс-шараның тәжірибелік бөлімінде оқушыларға жылан мен кене шаққан жағдайда алғашқы көмек көрсету тәсілдері мен тұрмыстағы өрт қауіпсіздігі көрнекі көрсетілімдер арқылы ұсынылды. Практикалық сабақтарға Ақпан Үкібаев атындағы және Надежда Крупская атындағы мектептердің ұжымдары белсене қатысты.

ИНТЕРШУМ: СНХ: ИРИНА ВДОВИНА, Н. КРУПСКАЯ АТЫНДАҒЫ №1 МЕКТЕП-ГИМНАЗИЯСЫНЫҢ МҰҒАЛІМІ: Өте пайдалы әрі маңызды іс-шара болды. Балалардың қауіпсіздігіне көңіл бөліп, тағылымды сабақтар өткізген барлық мамандарға рақмет. Балаларға жарқын әрі қауіпсіз жазғы демалыс тілеймін.

РКС: Балалардың қауіпсіздігі - барлығына ортақ міндет. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер жасөспірімдердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырып, түрлі төтенше жағдайдың алдын алуға көмектеседі дейді. Ал қарапайым қауіпсіздік қағидаларын сақтаған бала үшін жазғы демалыс қызыққа толы болары сөзсіз.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ