ДИКТОР: Startup Orda республикалық инкубациялық бағдарламасының жаңа легі Көкшетауда басталды. Aqmola IT Hub алаңына кәсібін енді бастаған кәсіпкерлер, сарапшылар мен аймақтың ІТ-қауымдастығының өкілдері жиылды. Бастамаға қатысушылар болашағы бар идеяларын толыққанды технологиялық жобаға айналдырулары тиіс.
РКС: Startup Orda — Astana Hub-тың Қазақстанның аймақтарында стартап-экожүйені дамыту жөніндегі негізгі бастамаларының бірі. Бағдарламаға кез келген адам тегін қатыса алады. Жасына, кәсіпкерлік ісіндегі тәжірибесіне немесе дайын өнімнің болу-болмауына еш кедергі жоқ. Жаңа лекке 100-ге тарта адам қатысып жатыр. Мектеп оқушылары, студенттер, жас мамандар, мемлекеттік қызметшілер мен түрлі саладағы еңбек өкілдері бар.
СНХ: ДАВИД СЫНГАЕВСКИЙ, СТАРТАПЕР: Startup Ordaда SYNAPS AI стартапын ұсынып отырмын. Қатысып жатырмын. Бұған дейін Шоқөан Уәлиханов атындағы унисверситетте инкубатордан өткенмін. Өзім алғашқы мектептің оқушысымын. Мессенджер ұсынып жатырмын, тағы бір стартап дайындалу үстінде. Бір кеште стартап ойлап тауып, бірден жасай бастадым.
РКС: Оқыту екі айдың ішінде екі кезеңде өтеді. Инкубацияның алдында қатысушылар өз бизнес-идеяларының өмірге қабілеттілігін қалыптастырып, тексереді. Компанияны құрудың негіздерін зерделеп, гипотезаларды тестілеуден өткізеді. Одан соң үздік командалар инкуібацияға өтеді. Сарапшылардың жеке сүйемелдеуіне ие болады әрі өнімді кеңейту мен дамытуға қолдау алады.
СНХ: ТАМИЛА ЖАБАСОВА, ASTANA HUB-тың КӨКШЕТАУДАҒЫ ФИЛИАЛЫНЫҢ ӨҢІРЛІК МЕНЕДЖЕРІ: Осы аймақта осымен екінші лек жүзеге асырылуда. Биыл сәл өзгешелеу. Бүгін жастар инкубациялық бағдарламалармен танысуда. Оларды алда не күтіп тұр, бағдарламаның соңында осындай бейресми жағдайда не ұтады? Соларды танып біледі. Олар инкубациялық бағдарлама аясында өз жобаралын жүзеге асыру кезеңінде трекерлермен өз идеяларын іске асырады. Ол еңі алдымен өз жобаларын ұлғайтып, кейіннен нарыққа шығу үшін қажет.
РКС: Сарапшылар бағдарлама әр адамға жеке стартапын дамытып әрі оны іске қосуға қажетті дағдыларды алуға мүмкіндік беретінін айтуда.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, ЗАРИНА САПАРҒАЛИЕВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ