ДИКТОР: Шантөбе кентіндегі арнайы әлеуметтік қызмет көрсету орталығы кеңейтілді. Мұнда психоневрологиялық ауруға шалдыққан адамдарға көмек көрсететін екінші корпус ашылды. Енді мекеме облыстың түкпір-түкпірінен келген 236 адамға қажетті күтім мен қызмет ұсынады. Сонымен қатар жаңа жұмыс орындары ашылды. Алдағы уақытта орталық одан да көп мүмкіндігі шектеулі жандарды қабылдай алады.
РКС: Марат Дүйсембеков әлеуметтік қызмет көрсету орталығында үш жарым жыл бойы тұрып келеді. Мұнда оның әр күні ерекше өтеді. Серуендеу, түрлі сабақтар, жылыжайдағы жұмыс, басқа қызмет алушылармен қарым-қатынас – бәрі де күнделікті өмірінің бір бөлігі. Орталықта барлық қажетті жағдай жасалған. Мұнда тұзды бөлме мен шаштараз жұмыс істейді. Тұрғын бөлмелер толық жабдықталған. Әр адамның жеке шкафы бар. Қызмет алушылар киіммен, тамақпен қамтамасыз етіліп, оларға қажетті психологиялық және медициналық көмек те көрсетіледі.
СНХ: МАРАТ ДҮЙСЕМБЕКОВ, АРНАУЛЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ АЛУШЫ:2023 жылдан бері осында тұрып келемін. Келген кезде ескі корпусымыз болды. Аумағымыз өте үлкен. Басқа корпуста үлкен жылыжай мен бақша учаскесі бар. Қызмет алушылар сол жерге барып көмектеседі, еңбек нұсқаушысы жұмысты ұйымдастырады.
РКС: Орталық 2019 жылы ашылған. Мұнда психоневрологиялық аурулары бар адамдар тұрақты түрде емделеді. Мемлекеттік мекемеде арнайы 8 әлеуметтік қызмет көрсетіледі. Екінші корпус ашылған соң орталықтың мүмкіндіктері айтарлықтай кеңейді.
СНХ: СӘБИТ ЫБЫРАЕВ, «ЖАҚСЫ ЖАҢҒЫСТАУ» АРНАЙЫ ӘЛЕУМЕТТІК ҚЫЗМЕТ КӨРСЕТУ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Бұрын Шантөбе кентінде әлеуметтік қызмет көрсету орталығы болмаған. 2019 жылы біз сол орталықты аштық, бұрынғы больница болған ғимаратында, сонда бірінші корпусты ашқанбыз. Былтыр жыл аяғында екінші корпусттың ремонтын жасап, аштық. Бүгінгі күнде біз 252 адамға лицензия алғанбыз.
РКС: Қызмет алушылар бос уақытын тиімді өткізеді. Олар үшін спорттық жаттығулар, тігін және қолөнер үйірмелері бар. Тұрғындар музыкалық аспаптарда ойнауды үйреніп, шығармашылықпен айналысады.
ШУМ:
РКС: Бұдан бөлек қызмет алушылар ағаш өңдеу ісін де меңгеріп, мамандардың жетекшілігімен түрлі бұйымдар жасап үйренеді. Мұндай сабақтар дағдыларды дамытып қана қоймай, әлеуметтік бейімделуге де оң әсер етеді. Орталықтың кеңеюі кенттің дамуына да серпін берді. Жаңа корпустың ашылуының арқасында 200-ден астам жергілікті тұрғын жұмыспен қамтылды.
СНХ: НАТАЛЬЯ ЛАВРОВА, ШАНТӨБЕ АУЫЛЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Кіші медицина қызметкері болып жұмыс істеймін. Жаңа корпус ашылған соң осында жұмысқа орналастым. Мұнда інім Андрей Викторович Лавров тұрады. Қасында болғаныма қуаныштымын. Ол да осында тұрып жатқанына риза, мен үшін де оның жанында болғаным маңызды.
РКС: Қызмет алушылар орталық әкімшілігімен бірлесіп спорттық жарыстарға тұрақты түрде қатысады. Сондай-ақ мереке күндері ауыл тұрғындарына арнап шығармашылық концерттік бағдарламалар ұйымдастырады. Бұл орталықта тұратын әр адамның өзіндік тағдыры мен өмір жолы бар. Сондықтан мұнда жасалған әрбір бұйым ерекше мәнге ие. Өйткені олардың барлығы қызмет алушылар мен мамандардың шынайы ықыласы мен қажырлы еңбегінің нәтижесі.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, АЛМАС СӘДУАҚАСОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ