ДИКТОР: «Egindikol ECO FEST-2026» экологиялық фестивалі өңір жастарының басын қосты. Ауқымды бастамаға 100-ден астам волонтер қатысып, қоршаған ортаны қорғау мен экологиялық мәдениетті қалыптастыруға бағытталған игі істерге қолдау білдірді. Фестиваль Егіндікөл, Астрахан және Қорғалжын аудандарынан келген жастарды, волонтерлер мен қонақтарды бір алаңға тоғыстырды.

РКС: Жастар «Жасыл аудан» бастамасы аясында Егіндікөл ауылындағы Жастар саябағына 15 шырша көшетін отырғызды. Бұл игі іс көршілес аудандар арасындағы достық пен татулықтың жарқын көрінісі. Фестиваль «Таза су айдындары» экологиялық акциясымен жалғасты. Қатысушылар Егіндікөл көлінің жағалауын қоқыстан тазартты. Фестиваль бағдарламасында жастардың өзара байланысын күшейту мен тәжірибе алмасуына басымдық берілді. Сол себепті Егіндікөл, Астрахан және Қорғалжын аудандарының командалары арасында спорттық бәсекелер өтті. Қатысушылар спорттың әр түрінен сынға түсіп, ұйымшылдық пен бірліктің үлгісін көрсетті, достық байланыстарын одан әрі бекемдеді.

СНХ: ӘЛІШЕР АМАНБАЙ, ҚОРҒАЛЖЫН АУДАНЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ МАМАНЫ: Біз Қорғалжын ауданы орталығы жастар ресурс орталығынан Егіндікөл ауданына келіп, «Жасыл ел» және «Қазақстан» акциясына қатысудамыз. Егіндікөл ауданына бүгін келіп, керекті, көркем эмоциялармен және де әсерлі сәттерге келдік. Бүгінгі іс-шарада тал отырғызып, егеменді Қазақстанға өзіміздің билігімізді және көркеді тигіздік. Таза Қазақстан алға! 

СНХ: ЗАРИНА ЖӘКЕНОВА, АСТРАХАН АУДАНЫ ЖАСТАР РЕСУРСТЫҚ ОРТАЛЫҒЫНЫҢ ДИРЕКТОРЫ: Астрахан ауданы Жастар ресурстық орталығы жергілікті волонтерлермен бірлесіп, «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы және «Egindikol ECO FEST-2026» фестивалі аясында Егіндікөл ауданына келді. Бүгін Егіндікөл ауылының кіреберісіндегі ескерткіш маңында аудан әкімімен бірге шырша көшеттері отырғызылды. Іс-шара «Таза Қазақстан» акциясы аясында ұйымдастырылды.

РКС: Қатысушылар экологиялық акция барысында 50 қаптан астам қоқыс жинап, арнайы орындарға шығарды. Фестиваль қорытындысы бойынша белсенділік танытқан жастар Алғыс хаттармен және естелік сыйлықтармен марапатталды. Іс-шара ашық аспан астында өткен Open Air форматындағы концерттік бағдарламамен түйінделді.

 ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ.