ДИКТОР: Застанционный қалалық үлгілі кітапханасында «Адал жол – елдің бастауы» атты танымдық шара өтті. Кездесуге Застанционный шағын ауданының тұрғындары мен қалалық ақпараттық кітапханалар жүйесінің қызметкерлері қатысты. Жиын сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бағытындағы жұмыстар мен оған қарсы мәдениетті қалыптастыру мәселелеріне арналды. Ашық диалог форматындағы кездесуде халық өз ойларын ортаға салып, көкейдегі сұрақтарын қойды.
РКС: Елімізде сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимылдың жаңа институционалдық моделі енгізілуде. Соңғы жылдары бұл бағытта 60-тан астам заңнамалық акт қабылданып, құқықтық база едәуір жаңартылды. Осы реформалар аясында «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» заң мен Мемлекеттік қызмет туралы заң, сондай-ақ мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі ерекше маңызға ие болып отыр. Сыбайлас жемқорлыққа жол беретін шектеулерді бұзу мен оларды сақтамау жағдайлары қызметтік жауапкершілікке әкеледі. Мұндай әрекеттер лауазымнан босатуға дейінгі қатаң тәртіптік шараларға негіз болады.
СНХ: ГҮЛМИРА САҒДИЕВА, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАС МАМАНЫ: Ең бірінші мемлекеттік қызметшілерге, және оларға теңестірілген адамдарға қандай шектеулер қойылады, ол ҚР жемқорлыққа қарсы заңының 12-ші бабына сәйкес ҚР тыс жерде банктерде шот ашу және иелену, сыйақыны, сыйлық алуға жол бермеу, жақын туыстарымен, зайыптарымен жұмыс жасамау, қызмет жасамау. Басқа да шектеулер бар. Сол шектеулерді мемлекеттік қызметшілер өзіне мойындайды және сақтанады. Шектеулерді мемлекеттік қызметші сақтамаған жағдайда оны жұмыстан алуға да себеп болады. Мемлекеттік қызметшілерге және оларға теңестірілген адамдарға әдеп нормаларын сақтау да өте маңызды болып табылады. Өкінішке орай, мемлекеттік қызметшілерде ондай фактілер болды, ол мемлекеттік қызметшілер өз қызметінен босатылды.
РКС: Шараға келгендердің басым бөлігін Застанционный шағын ауданының қариялары құрады.
СНХ: ӘБІЛҒАЗЫ РАҚЫМЖАНОВ, ЗАСТАНЦИОННЫЙ ШАҒЫН АУДАНЫ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Сыбайлас жемқорлық деген біздің жас кезімізде, совет үкіметі кезінде шамалы болды, білінбеді. Ол қай уақытта болсын болады. Адам баласы пенде. Пенде болғасын ұрлық-қарлық, жемқорлық болмай қоймайды. Бүгінгі өтіп жатқан шара сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес деген сөз ғой. Сыбайлас жемқорлық ол әрине тыйылу керек. Ол үшін заң қатты болу керек.
СНХ: САЯЖАН ҚАЙЫРБЕКОВА, ЗАСТАНЦИОННЫЙ ШАҒЫН АУДАНЫНЫҢ ТҰРҒЫНЫ: Шанхай ауданының тұрғынымын. 14-ші мектептің түлегімін. Кітапханаға жиі-жиі келіп отырамын. Бүгін адалдық туралы іс-шара өтіп жатыр. Құқық қорғау органдарынан адамдар келіп жатыр. Бүгінгі таңдағы өзекті мәселелердің бірін талқылап, өз фактілерін, дәлелдерін айтып жатыр. Қазіргі таңда өршіп тұрған мәселелердің бірі сыбайлас жемқорлық. Осы мәселе талқыланды. Өзіме керек мәліметтерді алдым, қатты ұнады.
РКС: Осы бағыттағы түсіндіру жұмыстары мемлекеттік мекемелерде, квазимемлекеттік сектордың субъектілерінде, білім беру ұйымдарында, жоғары оқу орындары мен қоғамдық бірлестіктерде жүргізіліп келеді. Өткізілген шаралардың форматы да әртүрлі. Олардың қатарында семинарлар, дөңгелек үстелдер мен түрлі кездесулер бар.
ДИНАРА НҰРМҰХАНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ