ДИКТОР: Күні кеше Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы аясында Степногорск маңындағы Қарабұлақ ауылында жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды. Салтанатты іс-шараға Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов қатысты. Ашылу салтанатына тілшіміз Евгений Варанкин қатысып қайтты.
ИНТЕРШУМ:
STAND-UP: ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, ТІЛШІ: Бүгінде елімізде Төтенше жағдайлар министрлігінің «Ауыл құтқарушылары» жобасы аясында осындай 196 өрт сөндіру бекеті ашылды. Жалпы өңір бойынша 37 өрт сөндіру бекеті бар.
РКС: Нысан Қарабұлақ ауылындағы мыңға жуық тұрғынның қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған. Айта кетейік, облыста жыл соңына дейін тағы 12 өрт сөндіру бекеті ашылады. Жалпы алдағы 3-4 жылда 30-ға жуық ерікті өртке қарсы құрылымды ашу жоспарланып отыр.
СНХ: ШЫҢҒЫС ӘРІНОВ, ҚР ТӨТЕНШЕ ЖАҒДАЙЛАР МИНИСТРІ: Мемлекет басшымыздың тікелей тапсырмасы аясында орындалып жатқан «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы жұмыстары атқарылып жатыр. Соның аясында біздің қолданыстағы техниканы, арнайы киім-кешек, қажетті құрылғылар беріліп жатыр. Осындай ауылдық мекендердің қауіпсіздігі күннен күнге нығайып жатыр. Бұл бекетпен әрине тоқтамаймыз. Степногорск қаласына қарасты тағы алты ауыл бар. Бірте-бірте солардың да жағдайын осы ретке келтіреміз.
РКС: Құралымға КамАЗ маркалы өрт сөндіру көлігі, жеке қорғаныс құралдары, радиостанциялар табысталды. Заманауи жабдықтар жеке құрамның өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету және төтенше жағдайларға жедел әрекет ету мүмкіндігін арттырады.
СНХ: МҰСЫЛМАНБЕК ИСМАҒҰЛОВ, ҚАРАБҰЛАҚ АУЫЛЫНЫҢ ӘКІМІ: Өрт сөндіру бекеті ауылымызда күрделі бір жағдай болып қалғанда осындай бір тез арада шығып, өрт сөндіріп, қысты күні қатты жағдайлар болып қалғанда, боранда халықты құтқару үшін осындай керек болып жатады. Бес жаңа жұмыс орны ашылды. 4 боец бар және 1 диспетчер.
РКС: Шара барысында Степногорск қаласының аға өрт сөндіруші-құтқарушысы Дамир Күбітай мен жаңа ашылған өрт сөндіру бекетінің жүргізушісі Балабек Бейсенбеков Төтенше жағдайлар Министрінің Грамоталарымен марапатталды.
ИНТЕРШУМ:
СНХ: БАЛАБЕК БЕЙСЕНБЕКОВ, ӨРТ СӨНДІРУ БЕКЕТІНІҢ ЖҮРГІЗУШІСІ: Өте қуаныштымыз. Президентімізге, министр мырзаға рахметімізді айтамыз, алғысымыз шексіз.
РКС: Қарабұлақ ауылындағы жаңа өрт сөндіру бекеті шалғай елді мекеннің қауіпсіздігін күшейтуге мүмкіндік береді. Бұл төтенше жағдайларға ден қою уақытын едәуір қысқартады. «Ауыл құтқарушылары» бағдарламасы өңірдегі азаматтық қорғаныс жүйесін одан әрі дамытуға серпін бермек.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ