ДИКТОР: Төтенше жағдайлар министрлігің сапы 94 офицермен толықты. Бүгін Көкшетауда Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігіне қарасты Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясының түлектеріне диплом табыстау рәсімі өтті. Салтанатты шараға Төтенше жағдайлар министрі Шыңғыс Әрінов, облыс әкімі Марат Ахметжанов, сондай-ақ азаматтық қорғау органдарының ардагерлері және түлектердің ата-аналары қатысты.
ИНТЕРШУМ:
РКС: Түлектердің басым бөлігі үшін бұл мамандық - бала күнгі арман. Олар үшін бұл саналы таңдау ғана емес, азаматтық борыш. Солардың бірі, академия түлегі - Диас Талғатұлы.
СНХ: ДИАС ТАЛҒАТҰЛЫ, М. ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ ТҮЛЕГІ: Кішкентай кезімнен бастап алға қойған мақсатым болатын. Сол мақсаттың орындалуына осы азаматтық қорғаныс академиясын бітіру бір үлкен қадам деп ойлаймын. Себебі біздің Төтенше жағдайлар саласы ол әрдайым адамдарға көмек көрсетіп, қызмет етумен шектеліп қалу емес, адамдардың өмірін құтқарумен тікелей байланысты. Сондықтан мен өз өмірімді осы саламен байланыстырғым келді.
РКС: Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясы - Қазақстанда ғана емес, бүкіл Орталық Азиядағы азаматтық қорғаныс саласына мамандар даярлайтын бірегей жоғары оқу орны. Академия төрт бағыт бойынша маман даярлайды. Мұнда курсанттар теориялық біліммен қатар, төтенше жағдайларда әрекет ету, құтқару, техникалық және практикалық дағдыларды меңгереді.
СНХ: ЖҰМАБЕК ХАСЕНОВ, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ БАСТЫҒЫ: Президентіміздің арқасында, министріміздің қолдауының арқасында үлкен ғимарат салынады биыл. Және біздің академияда халыққа ең жақын, ең бірінші көмекке келетін құтқарушыларды дайындап жатырмыз. Сол құтқарушылар бағдарламасында жаңа серпін берген ТЖМ 2.0 және Ауыл құтқарушалыр деген үлкен бағдарламаның арқасында үлкен жұмыс жүргізіп жатырмыз. Осындай жаңалықтар бар біздің академияда.
РКС: Бүгінде академияда 1 мыңнан астам курсант білім алады. Олардың қатарында 20-ға жуық қыз бала бар.
СНХ: КӨРКЕМ ҮСЕН, М.ҒАБДУЛЛИН АТЫНДАҒЫ АЗАМАТТЫҚ ҚОРҒАУ АКАДЕМИЯСЫНЫҢ КУРСАНТЫ: Академияға түсу менің бала күнгі арманым. Өзім кішкентай кезімнен қызығатынмын осы мамандыққа түсуге. Өзіме ұнайды жалпы. Министрдің өзінің арқасында қыздардың жағдайы жақсы. Бәрі жақсы, ұнап жатыр. Бұйырса енді осылай 4-ші курс бітіріп, лейтенант шенін алсам.
РКС: Салтанатты шараға еліміздің түкпір-түкпірінен жиналған ата-аналар да қатысып, түлектердің қуанышына ортақтасты.
СНХ: ЖҰЛДЫЗ ҚАШҚАНБАЕВА, АТА-АНА: Біздер Ақтау қаласынан келіп отырмыз. Тұңғыш ұлым Нұрдәулет осы Көкшетаудағы академияны бітіріп отыр. Сол бөлісіп, құттықтап, әжесі екеуіміз келіп жатырмыз. Бітіріп жатқан түлектерге сәт сапар тілеймін.
РКС: Еліміздің Төтенше жағдайлар министрлігінде қызмет етіп жүрген мамандардың 95 пайызы - осы Академияның түлектері. 1979 жылдан бері 10 мыңнан астам кәсіби маман дайындаған бұл оқу орны ел қауіпсіздігіне зор үлес қосып келеді. Олардың басым бөлігі бүгінде азаматтардың өмірі мен мүлкін қорғап, ел тыныштығы жолында қызмет етуде.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ