ДИКТОР: Бүгінгі қоғамда әкенің орны мен жауапкершілігі бұрынғыдан да маңызды. Өйткені отбасының берік болуы - ұрпақ тәрбиесінің сапасына, ал ұрпақ тәрбиесі ең алдымен әке өнегесіне байланысты. Көкшетауда Әкелер күніне орай «Әке - мен сенің өміріңнің жалғасымын» атты форум өтті.

РКС: Форумға өңірдің түкпір-түкпірінен жүзден астам әке келді. Басқосуда отбасы институтын нығайту, әке мәртебесін арттыру және ұрпақ тәрбиесіндегі ер азаматтардың жауапкершілігін күшейту мәселелері көтерілді. Сондай-ақ қоғамдағы жалғызбасты әкелердің жағдайы мен оларды әлеуметтік қолдау тетіктері де сөз болды.

СНХ: ЕРЛАН ЗАКИРЬЯНОВ, ОБЛЫСТЫҚ ӘКЕЛЕР ОДАҒЫНЫҢ ТӨРАҒАСЫ: Қазір бізде 20 өңірде облыстық «Әкелер одағының» филиалдары бар. Бүкіл ауданда төрағалары сайланды. Соның ішінде 500-дей Ақмола облысында кіретін белсенді әкелер бар. Біздің мақсатымыз, ережеде жазылғандағыдай, ол әкенің ролін нығайту. Тақырыптағыдай әкенің тәрбиесін ұрпаққа беру. Өнегелі ұрпақ өсіру. Келешекте әкенің тәрбиесімен ұл мінезді ұрпақ болуға тиісті. Қазір жалғызбасты әкелер де бар. Солардың жағдайын жоғарыдағы депутаттарға жеткізіп жатырмыз. Жалғызбасты аналарға льготалар бар, бірақ жалғызбасты әкелерге сондай қолдау жоқ. Қоғамдық көлікпен жүру сияқты. Өмірдің сынағына ұшырап, аналары қайтыс болған көпбалалы әкелер соны пайдаланбайды. Сол мәселені қазір көтеріп жатырмыз. 

СНХ: МЕРЕЙЛІМ ҚАРАУЫЛОВА, ОБЛЫСТЫҚ ІШКІ САЯСАТ БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАС МАМАНЫ: Бұл форумға көпбалалы әкелер, жалғыз басты әкелер, белсенді әкелер, меценат әкелер, қатысып жатыр. Бұл форумның жалпы мақсаты, Қазақстандағы отбасы құндылықтарын арттыру, отбасымыздағы әкелердің орнын белсенді білдіру, жауапкершілігі мол әкелерді қоғамға таныту. 

РКС: Осы санаттағы бала тәрбиесіне ерекше көңіл бөліп отбасы құндылықтарын дәріптеп жүрген әкелер марапатталды. Олардың қатарында бес бала тәрбиелеп отырған көкшетаулық Жасұлан Омаров та бар. Бала тәрбиесіндегі ең басты ұстаным жауапкершілік пен отбасына деген қамқорлық,-дейді көпбалалы әке.

ИНТЕРШУМ: 

СНХ: ЖАСҰЛАН ОМАРОВ, КӨПБАЛАЛЫ ӘКЕ: Бүгін Ақмола облысының әкелеріне арналған форумға шақырылып, марапатқа ие болғаныма өте қуаныштымын. Бұл – мен үшін үлкен құрмет. Көпбалалы әкелердің барлығына денсаулық тілеймін. Балаларын тәрбиелеуге төзім мен күш-жігер керек. Балалары мен жұбайларына әрдайым қамқор болып, отбасыларының бақыты үшін еңбек ете берсін.

РКС: Мұндай кездесулер әкелердің қоғамдағы беделін арттырып, отбасы құндылықтарын дәріптеуге ықпал етеді. Ал өнегелі әке тәрбиесін көріп өскен ұрпақ - елдің ертеңі мен қоғамның берік тірегі болмақ.

СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, МЕДЕТ ҚАЙЫРКЕНОВ, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ