ДИКТОР: Ел тарихында Ер есімі қалған жарқын тұлғалардың бірі Еркін Әуелбеков. Бүгін - Еңбек Ерінің туғанына 96 жыл толды. Халқының қамын, елінің еңсесін тіктеуге бар қажыр-қайратын арнаған азаматтың бейнесі мен өнегелі өмір жолына сіңірген еңбегіне ақмолалықтар тағзым етіп, ерекше ілтипатпен еске алды. Жиналған қауым Еркін Нұржанұлының ескерткішінің алдына гүл шоқтарын қойып, асыл мұрасын ұлықтады.
ИНТЕРШУМ:
РКС:Еркін Әуелбековтің есімі уақыт өткен сайын көмескіленбей, керісінше ел жадында асқақтай түскен тұлғалардың қатарында. Ол Көкшетау, кейін Торғай облыстық партия комитетінің бірінші хатшысы қызметін абыроймен атқарып, қай өлкенің болмасын тынысын кеңейтіп, дамуына тың серпін бере білді.
СНХ: ЕРМЕК НҰҒЫМАН, ОБЛЫСТЫҚ АРДАГЕРЛЕР КЕҢЕСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ: Уақыт өткен сайын ағамыздың аты ірмен қарай ардақтала береді. Оның есімінің құндылығы, ол адалдықтың символы деп айтамыз. Елге қызмет істеудің, ел жандылықтың, отан сүйгіштіктің ең бір көрнекті үлгісі сол. Сондықтан жастарды адалдыққа тәрбиелеу, адл азамат деген нағыз бір үлгісі Еркін ағамыздың өмірі.
РКС: Осыдан 5 жыл бұрын облыс орталығының төрінде ел ардағына айналған қайраткердің еңселі ескерткіші бой көтерді. Салтанатты түрде ашылған ескерткіш бүгінгі таңда тек сәулет нысаны ғана емес, қажырлы еңбек пен парасаттың нышаны.
СНХ: ОРАЗКЕН НҰРТАЗИН, Е.ӘУЕЛБЕКОВТЫҢ НЕМЕРЕ ІНІСІ: Жыл сайын ескерткіштің алдына жиналамыз. 50 миллион ақша жиналды. Оның 45 миллионына ескерткіш қойылды. Ол ақшаны халықтың өзі жинады. Халқыма бәріне біз ризамыз. Бәріне көп-көп рахмет.
РКС: Бұл игі іс алдағы уақытта да жалғасын таппақ. Зиялы қауым өкілдері, облыстың ардагерлер қауымы және Еркін Әуелбеков қоры қазір мемлекет қайраткерінің музейін ашу жобасын қолға алуда. Сонымен қатар, Еркін Әуелбековтің 100 жылдығына орай оның өмір жолы мен ел дамуына қосқан үлесін арқау еткен кітап жарық көрмек. Бұл бастамалар тұлғаның тағылымды мұрасын ұрпақ жадында жаңғыртуға қызмет етеді.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ