ДИКТОР: Құрамына 12 ауылдық және 2 кенттік округ кіретін Аршалы ауданының әлеуметтік-экономикалық даму үдерісінде оң динамика байқалады. Ағымдағы жылдың төрт айында аудан экономикасына 4 млрд теңгеден астам инвестиция тартылды. Қостомар ауылында экопарк, термальды шипажай-сауықтыру орталықтарын салу арқылы туристерді көптеп тарту жоспарланып отыр. Бұл демалыс орындары жыл он екі ай адамдарды қабылдайтын болады,-деді өңірлік коммуникациялар орталығында өткен брифинг барысында Аршалы ауданының әкімі Достанбек Есжанов.
РКС: Аршалы ауданында жыл басынан бері өнәркәсіп өндірісінің көлемі 35 млрд теңгені құраған. Өңдеу өнеркәсібінде ілгерілеу байқалады. Қазір ауданда жалпы құны шамамен 921 млрд теңгенің 23 жобасын іске асыру жұмыстары жүргізілуде. 8 ірі жоба іске қосылса, 2 мың жұмыс орны ашылмақ. 115 млрд теңгені құрайтын құрылыс жұмыстары қолға алынады деп күтілуде. 8,9 млрд теңгенің ауыл шаруашылығы өнімі өндіріліп, мал басы өсе түскен. Бұрнағы жылдармен салыстырғанда ауылдан қалаға ағылып көшу біршама тоқтаған. Білім ошақтарында бала санының кемуі байқалмайды. Мектептерді көгілдір отынмен жылыту жұмыстары да қолға алынған.
СНХ: ДОСТАНБЕК ЕСЖАНОВ, АРШАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Қазіргі таңда біз Аршалы ауданында Ижевск ауылында орта мектебін күрделі жөндеуден өткізіп жатырмыз. Былтыр басталған. Биыл осы жұмыстарды бітіреміз. Биыл Михайловка ауылының мектебінде күрделі жөндеу жұмыстары басталды. Келесі жылы жұмыстарын бітіреміз. Солай ақырын, ақырын жүргізіп жатырмыз.
РКС. Ауданның дамуына ықпал етіп отырған ауыл шаруашылығы саласына инвестиция тарту жақсы жолға қойылған. Бұл ауыл тұрғындарын жұмыспен қамтуға ықпал етіп отыр. Қазіргі уақытта 23,2 млрд теңгенің 5 жобасы жүзеге асып жатыр. Соның ішінде тауарлы сүт фермасы, жылыжай, көкөніс қоймасының құрылысы қолға алынды. 1855 шағын және орта бизнес субьектісі 5 мың адамды жұмыспен қамтып отыр. Жол жөндеу жұмыстарының жүйеленуі елді мекен тұрғындарының Астанаға автобуспен қатынауына ықпал етеді.10 мың шаршы метр тұрғын үй салынып, баспанамен қамтылу жағдайы да жолға қойылып келеді. Аршалы ауданында туризмді дамытуға серпін берілген. Демалушылар қатары жыл сайын өсіп келеді дейді аудан басшысы.
СНХ: ДОСТАНБЕК ЕСЖАНОВ, АРШАЛЫ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: Қостомар ауылына 5 инвестор қызығушылық танытып, өзінің жобасымен келгелі отыр. Бұл алдағы үш жылдың еншісінде. Сондай-ақ Жібек жолы ауылында бес туристік нысан бар, демалыс күндері астаналықтар көп келеді. Өткен жылы Жалтыркөл ауылындатуристік бағытта жұмыстар жанданды. Оның шипалы көліне демалуға келетіндер саны артып келеді. Осылайша ауданды сырттан келетіндерге тартымды ету жоспарлары жүзеге асып жатыр.
РКС: Брифинг барысында журналистер аудандағы кен орындарының мәселесін қозғады. Достанбек Берікұлының айтуынша, бүгінде Аршалы аумағында 38 карьер жұмыс істеп тұр. Оның жартысы ғана заңды түрде тіркелген. Былтыр пайдалы қазбаларды ұрлау фактілері анықталған. Биыл қадағалау жұмыстары күшейтілді. Сонымен қатар Аршалы мен Жібек жолы поселкелерінде су мәселесі өзекті. Тұрғындар соған қатысты жиі шағымданады. Жарықты сөндіру де соған байланысты жиілеген. Резервуарларда автоматтардың істен шығуының салдарынан осындай мәселелер туындайды,-деді аудан әкімі. Бұл шаруалар да үнемі назарда. Аталған елді мекендерге құдықтар қазу жұмыстары кезең-кезеңмен жүзеге аспақ.
ГӘККУ АСЫЛБЕКҚЫЗЫ, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ