ДИКТОР: Көкшетауда өткен жылдан бері 80 мыңнан астам көпжылдық гүлдер, ағаштар мен сәндік бұталар отырғызылды. «Көк Шалғын» аллеясы мен Жаңа Жағалаудың бойы абаттандырылып, қаланы көгалдандыру жұмысы қарқынды жүргізілуде. Жаңа қоғамдық кеңістіктер бой көтеріп, облыс орталығы көркейіп, шын мәнісінде жасыл қалаға айналып келеді.

РКС: Көкшетау келбеті жаңарып келеді. Бұрынғы біржылдық гүлзарлардың орнын енді бірнеше жыл бойы гүлдейтін көпжылдық өсімдіктер басуда. Қаланың қоғамдық кеңістіктері гортензия, раушан, арша, жапон спиреясы, мыңжапырақ, қызғалдақ және өзге де сәндік өсімдіктермен көмкеріліп жатыр. Көгалдандыру жұмыстары заманауи урбанистика талаптарына сай жүргізілуде. Соның нәтижесінде жаңа нысандардағы абаттандырылған жасыл аймақтардың жалпы аумағы 23 мың шаршы метрден асып, қаладағы жайлы әрі көрікті ортаның қалыптасуына ықпал етуде.

СНХ: РАСИМ ХАМИТОВ, МЕРДІГЕР ҰЙЫМНЫҢ БАСШЫСЫ: Барлық сорт Европада гибридтердің көмегімен шығарылады. Әдемі қалыпқа келтірілген. Бұл өсімдіктерді егер байқасаңыздар, негізінен қала сыртынан көбірек кезіктіруге болады. Одан соң оларды әсемдеп, гибридтер арқылы қала кеңістіктері үшін біркелкі етіп безендіріледі. Жалпы жиынтықта табиғатпен кедергісіз орта қалыптастырылады. Арнайы қоршау жоқ, жан жағы ашық.  

РКС: Отырғызылған өсімдіктер өскін алып кетті. Қазір мердігер ұйым ұдайы оған күтім жасап тұрады. Мамандар уақытылы суарып, топырақтың жай-күйі мен қала жағдайына өсімдіктердің бейімделіп кетуін де бақылайды. Тұрғындар өзгерістерді оң бағалап отыр. Көкшетаулықтар соңғы жылдары қала мейлінше жайлы, заманауи әрі демалысқа, серуендеуге және отбасымен бос уақытты өткізуге тым қолайлы болғанын айтады. 

БЛИЦ-САУАЛНАМА: 

 – Наш город за последние год-два стал на много лучше. Я считаю, что он стал намного красивее, как будто сделали для молодёжи. В целом, ставлю оценку 10 городу. 

 – Нам очень нравится. Нравится, как парк изменился, фонтаны появились. Набережную построили новую. Везде появились новые торговые центры. Вообще очень круто. 

- Всё очень хорошо. Особенно новую набережную сделали. Открытие было 1 июня. Сейчас деткам поставили футбольное поле. Каждое утро тренер занимается с детками, со взрослыми, тренажёры поставили. Смотрю каждый раз, когда езжу на работу. Многие люди и младшего возраста, и пенсионного возраста, выходят, отдыхают с утра. И по вечерам занимаются. 

РКС: Шаһар басшылығы қаланы көгалдандыру жұмысын тоқтатқан жоқ. Биыл бұл жұмысқа қазынадан 500 миллион теңге бөлді. Жоспарда көпжылдық 28 мың түп өсімдік отырғызылмақшы.  

СНХ: ЕРБОЛАТ СЕРІКПАЕВ, КӨКШЕТАУ ҚАЛАСЫ ТҰРҒЫН ҮЙ-КОММУНАЛДЫҚ ШАРУАШЫЛЫҒЫ, ЖОЛАУШЫЛАР КӨЛІГІ ЖӘНЕ АВТОМОБИЛЬ ЖОЛДАРЫ БӨЛІМІНІҢ БАСШЫСЫ: Былтыр қаланы көгалдандары аясында 11 мың түптен астам ағаш көшеті отырғызылды. Жоспар бойынша 10 мың түп болатын. Биыл да 11 түп көшет отырғызамыз деп отырмыз. Оның 4 мыңдайы орындалды. Бұл жұмыс әлі де жалғасуда. 

РКС: Соңғы бес жылда аймақта 70 миллион түп көшет отырғызылды. Қазақстан экологиялық бағдарламаны ел аумағында жүзеге асырып жатыр. Оның аясында 2027 жылға дейін 2 миллиард түп ағаш көшетін отырғызу межесі тұр. 

ИНДИРА СҰЛТАНОВА, ВЕРОНИКА ЦВЕТКОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ