ДИКТОР: «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» тұжырымдамасы қоғам мен билік арасындағы байланысты нығайтып, тұрғындардың талап-тілегін дер кезінде шешуге бағытталған. Осы қағидат аясында Зеренді ауданында бірқатар жүйелі жұмыс қолға алынып, аудан инфрақұрылымын жаңғыртуға айырықша көңіл бөлініп келеді.
РКС: Былтыр ауданда 14 балалар ойын алаңы орнатылса, биыл тағы 17 спорттық және ойын алаңын салу жоспарланған. Соның бірі Шағалалы ауылында пайдалануға берілді. Тұрғындар мұндай бастамалар ауыл өміріне серпін беріп, жас ұрпақтың дені сау болып өсуіне ықпал ететінін айтады.
СНХ: КҮНГЕЙ ГУЛИНАР, АУДАН ТҰРҒЫНЫ: Осы ауылдың 4-ші ойын алаңы болып жатыр. Енді немерелеріміз, балаларымыз осы алаңда ойнап, спортпен шұғылданатын азамат болып өссе деймін.
РКС: Бұған қоса, аудан тұрғындарының ең жиі көтеретін мәселесінің бірі - жолдардың жай-күйі. Былтыр жолдарды жаңартуға 3 млрд теңге бөлінді. Бұл қаражатқа 7 жоба жүзеге асырылды. Биыл аудандық маңызы бар 16 жол учаскесінде жөндеу жұмыстары жалғасуда. Жарықтандыру мәселесі де назардан тыс қалған жоқ. Қазір ауданның 11 елді мекенінде жарықтандыру жүйесі жаңартылып жатыр.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ