ДИКТОР: Былтыр Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Жер қойнауы және жер қойнауын пайдалану туралы» Кодекске енгізілген жаңа түзетулерге қол қойды. Жаңа тәртіпке сәйкес, бұған дейін тоқтатылған лицензиялар мен келісімшарттарды қайта беру тек аукцион арқылы жүзеге асырылатын болды. Бүгінде өңірде 70-ке жуық кен орнына лицензия беріліп, 120-ға жуық келісімшарт жасалған. Айта кетейік, жер қойнауын заңсыз пайдалану фактілері де әлі де кездеседі. Осыған байланысты заң талаптары күшейтіліп, жауапкершілік шаралары айтарлықтай қатаңдатылды.

РКС: Ақмола облысы жер қойнауы қазба байлықтарға бай әрі экономикасы дамыған өңірлердің бірі. Мәселен, былтыр пайдалы қазбаларды өндіруден түскен салық түсімі 840 миллион теңгеден асты. 

СНХ: АСХАТ АХМЕДЬЯНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: Ең көп кен орындары Целиноград ауданында шоғырланған. Мұнда 59 кен орны бар. Егер өткен жылмен салыстырғанда, бұрын бұл көрсеткіш айтарлықтай төмен болса, қазіргі кезеңде оның өскені байқалады. Бұл жеңіл өнеркәсіп көлемінің артып келе жатқанын және жаңа жұмыс орындарының көбейіп жатқанын көрсетеді. Аршалы ауданында 38 кен орны бар. Бұл шамамен 21 пайызды құрайды. Ал Зеренді ауданында 20 кен орны шоғырланған. Облыста лицензиялар мен келісімшарттардың көп болуы оның Астана қаласына жақын орналасуымен түсіндіріледі.

РКС: Өңірде жер қойнауын пайдалану талаптарын сақтамаған немесе заңсыз әрекеттерге жол берген кәсіпорындар да бар. Былтыр 7 келісімшарттың күші тоқтатылып, 2 лицензия кері қайтарылды. Айта кетейік, жер қойнауын заңсыз пайдалану және өз бетінше өндіру фактілері бойынша заңнамада жауапкершілік қатаңдатылды. Мұндай құқық бұзушылықтар Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекс немесе Қылмыстық кодекс аясында қаралады. 3 жылдан 7 жылға дейін бас бостандығынан айыру және ірі көлемде айыппұл салу жазасы көзделген.

СНХ: СНХ: АСХАТ АХМЕДЬЯНОВ, ОБЛЫСТЫҚ КӘСІПКЕРЛІК ЖӘНЕ ӨНЕРКӘСІП БАСҚАРМАСЫНЫҢ БАСШЫСЫ: 2024 жылдан бастап 2026 жылға дейінгі кезеңде жерді қалпына келтіруге, жер дауларына, шарттардың бұзылуын даулауға және әкімшілік істерге байланысты 49 сот ісі бойынша талап-арыздық және соттық-шағым жұмыстары жүргізілуде. Былтыр пайдалы қазбаларды заңсыз өндіру фактілерін анықтау жөніндегі жұмыс тобы құрылды. Арнайы топ Аршалы, Бурабай және Целиноград аудандарында жалпы шығыны 200 млн теңгеден асатын заңсыз өндіру фактілерін анықтады. Барлық материалдар полиция органдарына жолданды.

РКС: Целиноград ауданының әкімдігі тарапынан заңсыз пайдалы қазба өндірудің 11 фактісі бойынша 260 млн-ға жуық шығын есептелді. Алайда бұл істер бойынша қылмыстық істер тоқтатылған. Кәсіпкерлік және өнеркәсіп басқармасы 2 қылмыстық іс бойынша жәбірленуші тарап ретінде танылып, құқық бұзушылар келтірілген 53 млн теңге шығынды өтейтінін жеткізген. Ал, жауапты сала мамандары жер қойнауын заңды әрі жауапты пайдалану тәртібін қамтамасыз ету басты мақсат тардың бірі екенін тілге тиек етті.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, САНЖАР НҰРСЕЙІТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ