ДИКТОР: Сандықтау ауданында ауыл шаруашылығы өндірісінің көлемі артып, инвестициялық жобалар саны көбейіп келеді. Сонымен қатар, әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары да жүйелі түрде жалғасуда. Жыл басынан бері ауданның ауыл шаруашылығы саласында оң көрсеткіштер бар.
РКС: Бес айдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы саласында өндірілген жалпы өнім көлемі 2,9 миллиард теңге. Нақты көлем индексі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 102,6 пайызға жетті. Биыл көктемгі дала жұмыстары кезінде 364,9 мың гектар алқапқа дән егілді. Оның ішінде 288,7 мың гектары дәнді және дәнді-бұршақты дақылдарға тиесілі. Ал майлы дақылдардың егіс көлемі өткен жылмен салыстырғанда екі есеге артып, 80 мың гектарға жетті.
СНХ: СЕРІК ҚҰДАБАЙ, САНДЫҚТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: 2026-2027 жылдары ауданның жетекші ауыл шаруашылығы кәсіпорындар базасында 6 инвестициялық жобасы іске асыру жоспарланып отыр. Аталған жоспарларды жүзеге асыру нәтижесінде ірі қара мал басын шамамен 1 мың басқа, оның ішінде асыл тұқымды мал санын 600 басқа дейін ұлғайтуға болады. Ауылдық аймақтарды дамытуға қосымша мүмкіндіктерді «Ауыл Аманаты» бағдарламасы да ұсынып отыр. Жүргізілген скриннинг қорытындысы бойынша мал шаруашылығы саласында 27 жоба айқындалды. Оларды іске асыру ауыл шаруашылығы жануарларының санын 800 бастан астамға көбейтуге мүмкіндік береді.
РКС: Ауданда 44 мың тонна астық сақтауға арналған жаңа қоймалар, ангарлар және өндірістік базалар салу жоспарлануда. Суармалы егіншілікті дамыту мақсатында сыйымдылығы 4 миллион текше метрге дейінгі су жинақтау нысандарын салу көзделген. Бүгінде ауданда кәсіпкерліктің 911 субъектісі жұмыс істейді. «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында бизнес ашу және оны кеңейтуге шамамен 282 миллион теңгенгеге 29 өтінім берілді. Негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 963 миллион теңгенің басым бөлігі жеке қаражат есебінен жүзеге асырылған.
СНХ: СЕРІК ҚҰДАБАЙ, САНДЫҚТАУ АУДАНЫНЫҢ ӘКІМІ: 900 миллион теңгеден астамы жеке инвестициялар. Жалпы құны шамамен 5 миллиард теңгені құрайтын 18 инвестициялық жобаны іске асыру көзделген. Олардың қатарында жасымық өңдеу цехының құрылысы, мал шаруашылығы кешендерін дамыту, астық қоймаларын салу, инфрақұрылымдық нысандарын іске асыру және геологиялық барлау жұмыстары бар. Жыл қорытындысы бойынша ауданға тартылатын инвестициялар көлемі шамамен 14 миллиард теңгені құрайды деп күтілуде. Бұл жаңа өндірістік жобаларды жүзеге асыру, қосымша жұмыс орындарын ашуға және ауданның салық базасын кеңейтуге мүмкіндік береді.
РКС: Ауыл шаруашылығы мен кәсіпкерлікті дамытуға бағытталған жобалармен қатар, ауданда әлеуметтік инфрақұрылымды жаңғырту жұмыстары да жалғасуда. «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында бірқатар мектеп күрделі жөндеуден өтті. Лесное, Каменка және Байдалы ауылдарында жаңа дәрігерлік амбулаториялардың құрылысы басталды. Балкашино ауылында әлеуметтік осал топ санатына жататын азаматтарға арналған 16 пәтерлі тұрғын үй пайдалануға берілді. Бұл жобалар аудан тұрғындарының өмір сапасын арттыруға бағытталған.
ЕВГЕНИЙ ВАРАНКИН, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, ТЕМІРЛАН СӘБИТОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ