ДИКТОР: Қазақ әдебиеті діни-ағартушылық бағыттағы жаңа туындымен толықты. Көкшетауда ақын - Арман Бердалиннің «Жаратылыстың жауһары» атты кітабының таныстырылымы өтті. Рухани кешке Бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы, өңірдің зиялы қауым өкілдері мен қала тұрғындары қатысты.
РКС: Автордың айтуынша, бұл жаңа қазақ әдебиетіндегі сира жанрында өлеңмен жазылған алғашқы көлемді туынды. Үш том болып жарық көретін еңбектің алғашқы кітабы 10 мың данамен басылып шыққан.
СНХ: АРМАН БЕРДАЛИН, АҚЫН: Бұның бір ерекшелігі кәсіби студияда жазылған, 6 сағаттық аудионұсқасы бар. Және мұның соңында автокөлік тігілген бәйге ұйымдастырылады республикалық деңгейде. Соған біз ыңғайлы жаттауға да, оқуға да, есте сақтауға да ыңғайлы форматта жазылған.