ДИКТОР: Облыстағы 11 балалар лагері жұмыс істеуге санитарлық дәрігерлердің ресми рұқсатын алды. Аталмыш тексерулер елде балалардың демалысын бақылауды күшейту шаралары аясында жүргізілуде. Айта кетейік, мұндай ұйымдарды лицензиялау жүйесі 1-ші сәуірден Қазақстанға алғаш рет енгізілді. Салаға жауапты ведомстволар кешенді мониторинг жүргізуде. Тексеру барысында ғимараттардың жай-күйі, өрт қауіпсіздігі, ауызсудың сапасы және тамақтандыруды ұйымдастыру талаптарының сақталуы қатаң бақылауға алынуда.

РКС: Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінде жазғы маусым барысында тексерілетін балалар лагерлерінің тізілімі жасалды. Жалпы тізімге 18 ұйым енгізілген. Олардың 5-уі жыл бойы жұмыс істейтін орталықтар болса, 13 маусымдық лагер. Жыл бойы жұмыс істейтін барлық мекемелер қажетті рұқсаттарын алып үлгерген. Ал тағы 2 маусымдық лагерьдің өтінімдері санитарлық дәрігерлердің қарауында.

СНХ: СӘУЛЕ СӘДУӘҚАСОВА, ОБЛЫСТЫҚ САНИТАРИЯЛЫҚ-ЭПИДЕМИОЛОГИЯЛЫҚ БАҚЫЛАУ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Айта кету қажет, санитариялық-эпидемиологиялық салауаттылық саласындағы рұқсат құжатының қорытындысы қолда болуы, жазғы маусымдық лагерьлердің жұмысын бастаудағынегізгі талап. Егер үйым рұқсат құжатын алмаған болса, біз оған қатысты объектіге бармай-ақ профилактикалық бақылау жүргіземіз, яғни тиісті ұсынымдар береміз. Сонымен қатар, түскен өтініштер негізінде жоспардан тыс тексерулер де жүргізіледі.

РКС: Өңірдегі лагерьлердің бірі қазірдің өзінде шамамен 300 адамды қабылдады. Демалушылардың айтуынша, бағдарлама белсенді демалыс пен қолайлы тұру жағдайларын үйлестіреді.

БЛИЦ: 

- На сегодняшний день я нахожусь в лагере уже третий день. Мне тут все очень нравится. Тут огромное количество активностей, людей, с которыми можно поговорить. А можно выделить также момент с природой. Тут очень красиво, чисто. Мы находимся на территории леса. Также рядом с нами есть озеро.

- Я бы хотела рассказать о корпусе — он очень чистый, красивый и очень комфортный. Мне нравятся мои ребята из отряда и наши вожатые. И могу сказать про активности: они очень там интересные, и нам вообще не скучно, каждый день дискотеки, там мероприятия и тому подобное. 

РКС: Облыста жазғы демалыс барлық түрлерімен оқушылар толық қамтылады. Жазғы демалысты ұйымдастыруға жалпы 300 миллион теңгеден астам қаржы бөлінген. Әлеуметтік осал санаттағы 2 мың балаға тегін жолдамалар беріледі.

РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, КАРИНА СҮЛЕЙМАНОВА, ЖҮРСІН ӨМІРЗАҚ, КӨКШЕ АҚПАРАТ