ДИКТОР: Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейі Көкшетау қаласында «Тараз–дәуірлер куәсі» атты жылжымалы көрменің шымылдығы түріліп, салтанатты ашылу рәсімі өтті. Көрмеге Әулие ата өңірінің бай тарихы мен мәдени мұрасын айшықтайтын 100-ден астам құнды жәдігер қойылған. Экспозициядағы ең бірегей жәдігерлердің қатарында әлемдік маңызы бар Айша бибі кесенесінің түпнұсқа қыш кірпіштері. Сонымен қатар, сақ дәуірінен сақталған археологиялық экспонаттар көпшілік назарына ұсынылған. Жылжымалы көрме Көкшетау қаласында 2 ай бойы жұмыс істейді.
ИНТЕРШУМ:
РКС:95 жылдық тарихы бар Жамбыл облыстық тарихи-өлкетану музейінің қорында археология, этнография, нумизматика, сирек қолжазбалар мен табиғат тарихын қамтитын 70 мыңнан астам бірегей жәдігер сақтаулы. Жылжымалы көрмеге біздің заманымызға дейінгі IV–V ғасырларға тиесілі сақ дәуірінің сирек артефактары қойылған.
СНХ: НҰРЗАТ ӘМІРБЕК, ЖАМБЫЛ ОБЛЫСТЫҚ ТАРИХИ-ӨЛКЕТАНУ МУЗЕЙІНІҢ ҒЫЛЫМИ ХАТШЫСЫ: 2 мың жылдық Тараз қаласының тарихын баян ететін бірегей жәдігерлер бар. Оның ішінде атап айтатын болсақ сақ дәуірінде жатқызылатын Жамбыл облысы, Жетітөбе аумағынан табылған алтын әшекейлер, сақ жауынгерінің дулығасы, Айша бибі кесенесінің кірпіштері, қыштан жасалған жұмыр тастар.
РКС:Көрмеде келушілердің қызығушылығын тудырған бірқатар құндылық та орын алды. Солардың бірі Ұлы Жібек жолындағы өркениеттен сыр шертетін соғды үлгісінде жасалған құмыралар, су сағаттары мен түргеш қараханид монеталары. Сондай-ақ, сырлы қыш құмыраларда бар.
СНХ: ГҮЛБАРШЫН САЛЫҚ, ОБЛЫСТЫҚ ӨЛКЕТАНУШЫЛАР ҚАУЫМДАСТЫҒЫНЫҢ ТӨРАЙЫМЫ: Сақ алтыны мен басқа да сирек кездесетін тарихи жәдігерлер келушілердің назарын ерекше бірден өзіне аударады. Көрме өте үлкен әсер қалдырады. Бүгіннің өзінде келушілер санына қарап-ақ, көрменің қала тұрғындарының зор қызығушылығын тудырғанын байқауға болады.
РКС:Қос өңірдің рухани байланысын нығайтқан бұл көрме қазақ даласының мәдениетін асқақтататын асыл мұра. Әлемдік деңгейдегі құнды жәдігерлер тарихтың қатпарлы іздерін бүгінмен сабақтастырып, ұлттық мұраны маңызын келер ұрпаққа айшықтап тұрғандай.
РИЗАГҮЛ ШӘМЕНОВА, БАУЫРЖАН СМАҒҰЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ