ДИКТОР: Қазақстанда инвесторлардың құқықтарын қорғау жүйесі күшейтілді. Мемлекет басшысы инвестициялық жобаларды ілгерілетудің жүйесін өзгертетін және прокуратураа органдарының құзыретін кеңейтетін заңнамалық өзгерістер жиынтығына қол қойды.
РКС: Бұдан былай прокурорлар инвесторлардың мүддесі тұрғысында орындауға тиісті міндетті ұйығарым шығарып, сотқа шағымдана алады. Бұдан бөлек, инвестициялық омбудсменнің қызметі Қазақстан Республикасының Бас Прокурорына берілді. Құқық қорғау органдары бизнес, мемлекеттік органдар және квазимемлекеттік сектор ұйымдары арасындағы дауларды сотқа дейін реттеуге жәрдемдеседі. Бұл шаралар кәсіпкерлерді қорғауды күшейтеді,-дейді сарапшылар.
СНХ: МУНИРА МЫЛТЫҚБАЕВА, ҚР БАС ПРОКУРАТУРАСЫ ИНВЕСТОРЛАРДЫҢ ҚҰҚЫҚТАРЫН ҚОРҒАУ ЖӨНІНДЕГІ КОМИТЕТІНІҢ АҒА ПРОКУРОРЫ: Сонымен қатар инвесторларға қатысты негізсіз шешімдердің алдын алуда өзінің тиімділігін дәлелдеген «прокурорлық сүзгі» тетігі кеңейтіледі. Енді прокурормен міндетті келісуге тек инвесторларға қатысты берілетін талап-арыздар мен мемлекеттік органдар қабылдайтын шешімдер ғана емес, сонымен қатар квазимемлекеттік сектор субъектілерінің шешімдері, оның ішінде келісімшарттар мен келісімдердің мерзімін ұзартудан бас тарту туралы шешімдері де жатады.
РКС: Прокуратура сондай-ақ өңірлік деңгейде де іскерлік қауымдастықпен белсенді өзара ықпалдастықта. Прокурорлар облыстық кәсіпкерлер палатасымен, мемлекеттік органдармен және бизнес өкілдерімен бірлесе отырып, инвесторлардың арыз-шағымдарын қарайды. Инвестициялық жобаларға кедергі келтіретін мәселелерді шешуге жәрдемдеседі.
СНХ: РАСУЛ СЫЗДЫҚОВ, «АТАМЕКЕН» ӨҢІРЛІК КӘСІПКЕРЛЕР ПАЛАТАСЫ ДИРЕКТОРЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Сәуірде Астана қаласында форум мен кеңейтілген отырыс өтті. Оған Ақмола облысынан да делегация қатысты. Облыс әкімдері мен прокурорларының бастамасымен өңірлік инвестициялық штабтар құрылды. Өзара ықпалдастық аясында нысандарға барып, әкімшілік кедергілердің бар-жоғын тексереді. Бола қалған жағдайда оны жоюға күш салады. Өйткені, бизнес-идеяларды жүзеге асыруда еш кедергі болмауы тиіс.
РКС: Осылайша, қабылданған өзгерістер бизнесті қорғауды нығайтуға, әкімшілік кедергілерді төмендетуге және еліміз бойынша инвестициялық қолайлы ахуал құруға бағытталған. Бұл ең алдымен орын алған мәселелерді жедел түрде шешуге және инвесторларды қосымша қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік бермек.
СӘНИЯ ЕСІМСЕЙІТОВА, ЭДУАРД ПОГРЕБИЦКИЙ, ПАВЕЛ СОЛОВЬЕВ, АРДАҚ ТІЛЕУҒАБЫЛОВ, КӨКШЕ АҚПАРАТ