ДИКТОР: Зеренді ауданында «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында мемлекеттік қызметшілерге арналған конференция өтті. Басқосуда мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениеті мен әдеп қағидаларын сақтау мәселелері талқыланды. Жиынға облыстық және аудандық мемлекеттік органдардың өкілдері, құқық қорғау саласының мамандары мен мемлекеттік қызметшілер қатысты.
РКС: 1-ші шілдеден бастап елімізде жаңа Конституция мен «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күшіне енеді. Осыған байланысты өңірде мемлекеттік қызметшілерге жаңа талаптарды түсіндіру жұмыстары басталды. Мамандар мемлекеттік қызметкерлер үшін заңды сақтау тек қызмет барысында ғана емес, қызметтен тыс уақытта да міндет екенін айтады. Себебі мемлекеттік қызметшінің жеке әрекеті мемлекеттік органның қоғам алдындағы беделіне тікелей әсер етеді.
СНХ: ӘНУАР ОМАРОВ, ОБЛЫСТЫҚ МЕМЛЕКЕТТІК ҚЫЗМЕТ ІСТЕРІ ЖӨНІНДЕГІ ДЕПАРТАМЕНТІ БАСШЫСЫНЫҢ ОРЫНБАСАРЫ: Сондай-ақ жиында заңнамаға енгізілген өзгерістер мен мемлекеттік қызметшілердің құқықтық мәдениетін арттыру мәселелері талқыланды. Іс-шара барысында қатысушылар өзекті мәселелер бойынша пікір алмасып, қойылған сұрақтарға жауап алды.
РКС: Сондай-ақ, жиында жаңа заңнамадағы өзгерістер, мемлекеттік қызмет әдебі, сыбайлас жемқорлықтың алдын алу, құқықтық мәдениетті қалыптастыру және «Халық үніне құлақ асатын мемлекет» қағидатын іске асыру мәселелері талқыланды.
СНХ: АЙНАГҮЛ ЖАНӘДІЛОВА, АҚМОЛА ОБЛЫСЫ ӘКІМІ АППАРАТЫНЫҢ ӘДЕП ЖӨНІНДЕГІ УӘКІЛІ: Бұл - мемлекеттік қызметшілер үшін аса маңызды әрі өзекті тақырып. «Заң мен тәртіп» - заң үстемдігіне негізделген басты қағидат. Әрбір азамат заңға бағынуы тиіс, ал мемлекеттік қызметшілерге қойылатын талап бұдан да жоғары. Сондықтан мемлекеттік қызметшілердің Әдеп кодексі мен заң талаптарын қатаң сақтауы аса маңызды. Бүгінде мемлекеттік қызмет жүйесін жетілдіруге ерекше көңіл бөлінеді. Бұл ретте кәсіби біліктілікпен қатар, мемлекеттік қызметшінің құқықтық мәдениеті мен әдептілік келбетін қалыптастыру басты назарға алынып отыр.
РКС: Ашық диалог форматында өткен конференция барысында қатысушылар сауалдарын қойып, заңнамадағы өзгерістерге қатысты жан-жақты түсіндірме алды. Мұндай түсіндіру кездесулері алдағы уақытта да жалғаспақ.
ЖАНАР МҰҚЫШЕВА, БЕКЖАН ТӨЛЕБЕК, КӨКШЕ АҚПАРАТ